Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылымыздың аумағы жыл сайын өсіп, көркейіп келе жатқаны баршаңызға белгілі. Біз бұған қуаныштымыз. Әсіресе, оңды өзгерістерге алғашқы болып жағымды бағасын беретін туған өлкесін сағынып, алыстан ат басын бұратын қонақтар екені анық. Олар ауданымызға жайлылық пен жылылық сыйлаған тындырымды жұмыстардың нәтижесін бірден байқайды.

Осыдан екі жыл бұрын ауданның жаңа басшысы лауазымына тағайындалған Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарының негізгі мәселелері - тұрғындардың мәдени-бос уақытын өткізуге арналған орындардың болмауы, саябақтардың, балалар алаңдарының жетіспеуі екенін атап өткен болатын. Ауыл көшелері жеткілікті абаттандырылмаған – тротуарлар мен бордюрлер жоқ, көшелерді жарықтандыру да көңіл көншітерлік жағдайда емес. Осы қатарлы түйткілдердің шешімін табу өзекті тақырыптар қатарына қойылған болатын.
Осы міндеттерді жүзеге асыру және аудан әкімінің басқа да тапсырмалары негізінде өткен жылдан бастап Абай ескерткіші, музыкалық субұрқақ, Орталық алаң - Самар ауылының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналуда. Олар орнатылған сәттен бастап жаңа нысандарды абаттандыру және қайта жаңарту жұмыстары басталды. Аудан әкімінің күш-жігерінің арқасында облыстық бюджеттен аталмыш мәселелерге қаржы бөлінді.
Аудан басшысының ауылды көркейту, көгалдандыру жұмысына қанша қаражат бөлгені және осы кезеңде қандай шаралар атқарылатыны туралы Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Фазылұлы Кудербаев әңгімелеп берді:

Толығырақ...

Көкпекті ауданында қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Дауылдан зардап шеккен Көкпекті, Тассай, Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдарында 8 әлеуметтік нысанның, 30-дан астам жеке тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып кетті. Сондай-ақ электр желісі бағандары мен ағаштардың құлаған жағдайлары тіркелді.
Бұл туралы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және мобильдік дайындық бөлімінің басшысы Расул Сарманов хабарлады. Адам шығындары мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аудан бойынша дауыл салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ...

Өткен сенбіде Көкпекті ауылындағы «Ұлы дала елі» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, арзан бағамен азық-түлік алуға жиналғандар көп болды. Қауіпті індетке байланысты шектеу шараларынан кейін алғаш рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге аудан әкімі Асхат Смаилов келіп, ұйымдастырылу барысын бақылады. Аудан басшысы сөредегі тауар бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдау керектігіне баса назар аударды.

Өкінішке орай, бұл жолғы жәрмеңке аудан әкімінің ойындағыдай өтпе-генін бірден атап өткеніміз жөн. Ауыл-шаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру барысында ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ осы салаға жауапты бірінші орынбасары Марат Теміржановқа да қатаң ескертулер айтты.

Толығырақ...

Алты мыңға жуық халқы бар Көкпекті ауылы - ауданның айнасы десек артық айтқандық емес. Жыл сайын ажарына ажар қосып, көркейіп, гүлдене түскені көңілге қуаныш ұялатады. 

Тірек ауылдар қатарына кіретін Көкпекті ауылы мемлекет тарапынан қолдау тауып, көркіне көрік қосып келеді. Мәселен, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар біршама. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында Көкпекті ауылының көшелеріне жалпы ұзындығы 5,160 км болатын сметалық құны 158 000,0 мың теңгені құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Тапсырыс беруші – «Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. Мердігер ұйым – «Көкпекті жолдары» ЖШС.

Толығырақ...

29 сәуір күні аудан орталығында жиырма 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған баспана іргетасын қалауға аудан әкімі Асхат Смаилов, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев және құрметті ақсақалдар қатысты. Зейнеткер ұстаз Амантай Нұрғалиев құрылысшыларға батасын беріп, жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта Көкпекті ауданындағы өткір мәселенің бірі болып табылады. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында ең көп көтерілетін мәселе – жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні Көкпекті ауданы бойынша Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінде баспана кезегінде 330 азамат тіркеуде тұр. Десек те, аудан басшылығы бұл мәселені шешуде мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайданалып, тындырымды жұмыс жасауда. 2019 жылы 36 көпбалалы отбасына бюджет қаражаты есебінен жеке тұрғын үй сатып алынды. Сондай-ақ, аудан орталығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік сала мамандарына 16 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Самар ауылында 2021 жылы он 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізуге жоспарлау сметалық құжаттар әзірленуде.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз