Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 9 Шығыс Қазақстан облысының аумағында қабылданып жатқан шаралар туралы және Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы" 11.05.2020 жылғы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы шықты. Көкпекті ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Г.К.Абдрасулова азаматтарға рұқсат етілетін әрекеттер мен қалдырылған шектеулер туралы түсіндірді.
- Гүлмира Қабышқызы, жаңа қаулыда не айтылған?
- Ол санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, келесі кәсіпкерлік объектілерінің жұмысына қатысты Семей қаласын қоспағанда, облыстың аудандары мен қалаларының аумағында ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап карантинді жеңілдетуге кезең-кезеңімен көшуге рұқсат береді: 1) ауданы 500 шаршы метрден 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес тауарларды көтерме, көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері; 2) Әлеуметтік қашықтықты кемінде 2 метр сақтай отырып, тек ашық алаңдарда қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кафелер, банкет).
Жұмыс режиміне көшудің келесі сатысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және Шығыс Қазақстан облысы аумағында өсу қарқынына байланысты Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қосымша қаулысымен регламенттелетін болады.
- Аудан және қала әкімдеріне қандай тапсырмалар берілді?


- 2020 жылдың 16 мамырынан бастап аудандар мен қалалардың әкімдері (Семей қаласын қоспағанда) кіру/шығу бақылауы үшін аудандар мен қалалардың сыртқы шекараларындағы блок бекеттердің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Басты тапсырмалардың бірі тұрғындардың жаяу жүру ережелері мен жеке автомобиль көлігінің қозғалысына қатысты уақыт шектеулері, апта күндері (тақ/жұп) және аудандар мен қалалар аумағының ішіндегі рұқсатнамалардың күшін жою болып табылады.
- Шектеу шараларының өзгеріссіз қалған бөлігі туралы не айтасыз?
- Пандемия қаупінің толық сейілмеуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды (соның ішінде отбасылық, естелік және діни) өткізуге тыйым салу; елді мекендерде, саяжай алаптарында және қоғамдық көлікте халықтың жүріп-тұруы кезінде маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау; дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу сынды бірқатар талаптар өзгеріссіз қалып отыр. Мобильді топтардың жұмыс режимін және қызметін қайта бастауға жататын бизнес объектілерінің, кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауына мониторинг жүргізу және іріктеп тексерулер жүргізу жүзеге асырылатын болады.
- Біздің ауданымызда коронавирустық инфекция дерегі тіркелген жоқ және аудан аумағы эпидемиологиялық қолайсыз аймақтармен шектеспейді. Осы факторларды ескере отырып, біз үшін қандай да бір жеңілдіктер жасалған ба?
- 16.05.2020 жылдан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі кәсіпкерлік нысандары жұмысын қайта бастайды:
1) білім беру орталықтары, үйірмелер, балалардың бос уақытын өткізу орындары, барлық меншік нысанындағы балабақшалар және т. б.;
2) ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, караоке, PS-клубтар, түнгі клубтар және т. б.);
3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері;
4) Азық-түлік емес және әмбебап базарлар (ғимараттардан тыс);
5) спорт объектілері (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін өткізу);
6) мәдениет объектілері (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін);
7) санитариялық нормаларды сақтай отырып, жалпы пайдаланылатын аумақтың 30%-дан аспайтын бөлігі толтырылған діни ғибадат объектілері;
8) Халыққа қызмет көрсету объектілері: баспаханалық қызметтер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім мен киім-кешекті, ұзақ және тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де объектілерді жөндеу жөніндегі сервис.
Сонымен қатар, қызметі төтенше жағдай және карантинге байланысты шектеулер кезеңінде уақытша тоқтатылған шағын және орта бизнестің басқа да объектілері қайта жұмысын бастайды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз