Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ботулизм дегеніміз – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін, аурудың ауыр түрі нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі. Ботулизмнің қоздырғышы С.botulinum анаэробты жағдайда ауа жоқ жерде көбейеді, әсіресе дұрыс жабылмаған банкілерде, үй жағдайында консервіленген азықтарда, баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттарда көптеп кездеседі.
Ботулизмнің негізгі белгілері және клиникалық көріністері:
- қатты шаршағыштық, әлсіздік және бас айналу;
- көздің көруінің нашарлауы «бұлыңғырлану», көз алдының «торлануы», заттың қосарланып көрінуі, қабағының түсуі (птоз);
- сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бөгде зат тұрып қалғандай сезіну;
- дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмеленуі;
- тыныстың бұзылуы;
- іш өту, құсу.
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
- консервілеу алдында өнімдерді ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу;
- консервілеуге арналған банкілерді стерилизациялау режимін сақтау;
- өнімдерді консервілеу режимін сақтау, сірке суын немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
- қақпағы көтерілген (бомбаж), дәмі мен түсі бұзылған банкілерді пайдаланбау және олардың дәмін де татпау. Мұндай банкілер жедел түрде жойылуы тиіс;
- үй жағдайында әзірленген консервіленген өнімдерді пайдаланар алдында жылумен өңдеу (15-20 минуттай қайнату немесе қуыру);
- үй жағдайында жасалған салаттар, саңырауқұлақ, қиярлар, қақталған балық, сан еттер т.б. белгіленбеген базарлардан сатып алмау;
- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өнім қалдықтарын зертханалық бақылау үшін сақтау.
Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!

Көкпекті аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшы м.а. Қалдыбатыр Әділ Секенұлы

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Аурудың үлкен-кішіні елемей, кез келген уақытта келетіні рас. Сондай сәтте ойымызға алғаш оралатыны, жәрдем сұрап, шипа күтетініміз де – осы дәрігерлер қауымы. Дүние есігін жаңа ашқан сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында медицина қызметкерлерімен сан мәрте ұшырасатынымыз хақ.
Сол себепті де ақ халатты абзал жандарға барша адамзаттың айтар алғысы шексіз. Осы тұста ауданда да ел алғысына бөленіп, халық игілігі үшін еңбек етіп жүрген ақ халатты жандар көп. Дертіне дәру іздеген жан аудандағы орталық ауруханаға жүгінеді. Мереке қарсаңында жылдағы дәстүрге сәйкес Көкпекті ауданының медицина саласының дамуына көп жылдар бойы үлес қосып келе жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбек жолын оқырманға ұсынбақпыз.

Толығырақ...

Көкпекті аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі болып Сарманов Жәнібек Талғатұлы тағайындалды.
Сарманов Жәнібек Талғатұлы Көкпекті ауылында туып өскен. 2012 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетін бітіріп, Семей қаласының “Әділет Ем” ЖШС дәрігер-статист болып жұмыс жолын бастады.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Семей қаласының №3 КДЕ директорының емдеу орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ 2020 жылдан 2024 жылға дейін Президент істерін басқару Медициналық орталығының ауруханасында сарапшы дәрігер болып жемісті қызмет атқарды.
2020 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау саласында медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Толығырақ...

Қаңтар айының соңынан бері жылжымалы медициналық кешенге негізделген «Денсаулық керуені» Көкпекті ауданындағы ауылдарды аралап, тұрғындарды тексеруден өткізіп, медициналық көмек көрсетуде.
Көкпекті ауданында азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешен жұмысы жолға қойылған. Соның арқасында бірнеше жылдан бері әртүрлі елді мекендерде балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық тексерулер, сондай-ақ ересектер арасында флюрографиялық, скринингтік тексерулер жүргізіліп келеді.

Толығырақ...

Бүгінгі таңда Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. Бұл әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі, оның жұқпалы индексі 90-95% жетеді. Егер адамдар арасында бір қызылша ауруы пайда болса, онда он адамның тоғызы ауырып қалу ықтималдығы өте жоғары. Осыған байланысты біз Көкпекті аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а. Махат Амангелдіұлы Ғабдуллинмен біздің аудандағы қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы сұхбаттасқан едік.

- Махат Амангелдіұлы, Көкпекті ауданында қызылша ауруы тіркелді ме?
- Көкпекті ауданында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап, қазіргі уақытқа дейін қызылша ауруы тіркелген жоқ. Алайда халықтың, соның ішінде көші-қонға байланысты біздің ауданда да қызылшаны тіркеудің үлкен мүмкіндігі бар. Қазақстанда қызылшаның ең көп тараған аймағы Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген. Сонымен қатар науқастардың 80 % бұл инфекцияға қарсы егілмеген.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз