Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ҚР ДСМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 380 «COVID-19 коронавирусының симптомсыз формасымен ауыратын науқастарға амбулаториялық бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығының негізінде Көкпекті ауданының орталық ауруханасы жанынан ШЖҚ КММ 5 мобильді топ құрылған.

Бүгінгі таңда мобильді топтардың дистанциялық бақылауында 100 - ден астам адам тұр. Олар - коронавирус инфекциямен ауырғандар, оны жеңіл және симптомсыз түрде ауырған адамдар, науқастармен қарым-қатынаста болған және үй карантиніндегі емделушілер, «Пневмония» диагнозы бар, амбулаторлық емделудегі және стационардан шығарылған пациенттер. Мобильді топ эпидемиологиялық ахуалдары нашар елді мекеннен, Көкпекті ауданының аумағына келген науқастардан, телефон арқылы олардың жағдайын біліп отырады.
Мобильді бригада мүшелері әр күн сайын тәулігіне 2 рет аудио және видео түрінде қоңырау шалып, науқастардың көңіл күйін біліп, ұсыныстар береді, учаскелік дәрігерлермен және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Толығырақ...

«ҚДС департаментінің Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ ұсынған ақпараты бойынша, 1 шілдеде Көкпекті ауданында коронавирусты жұқтырғандардың саны 17-ге жетті.
Статистикалық көрсеткіш күн санап өсуде. Короновирус індетіне шалдыққан 12 науқасқа тағы 5 адам қосылды. Барлық бесеуі Самар ауылының тұрғындары.
11 ауру «симптомсыз» санатына жатса, 6 КВИ білінеді

Толығырақ...

«ҚР ДСМ Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ ұсынған мәліметі бойынша осы аптада Көкпекті ауданында коронавирус індетін жұқтырудың 7 жаңа жағдайы тіркелді.
Инфекцияға ұшырағандардың біреуі Көкпекті, екеуі Самар, төртеуі Қараөткел ауылының тұрғындары (оның үшеуі – балалар). Короновирус-пен ауырған науқастың үшеуі симптомсыз, төртеуі симптомды. Бір науқас ауруханаға жатқызылды, қалғандары үй карантинінде тағайындалған ем алуда.

Толығырақ...

Маусым айының үшінші жексенбісі дүниежүзілік медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтіледі. Ауданның денсаулық сақтау саласының жүйесі Көкпекті ауданының орталық ауруханасы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 медициналық пункт және 14 мектеп жанындағы медициналық кабинеттерден құралған. Аудандық ауруханада штат бірлігі бойынша 283 қызметкер, оның ішінде 35 дәрігер, 185 медбике жұмыс жасайды. 

Дәрігерлер мен орта білімді медқызметкерлер жыл сайын облыстық оқу орындарында білімдерін жетілдіреді. Дәрігерлердің ішінде 9 - жоғары, 5 – бірінші және орта медициналық қызметкерлер арасында 49 – жоғары, 3 – І, 2 – ІІ дәрежелі біліктілігі бар медқызметкерлер қызмет атқарады.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 20.04.2020 жылғы қаулысы негізінде коронавирустық инфекцияны экспресс-тестілеу бойынша түбегейлі қадамдар жасалды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Көкпекті ауданындағы меди-циналық мекемелерде тегін экспресс-тест жүргізіледі. Мысалы, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ағымдағы жылдың 24 сәуірінде 425 дана экспресс-тест алды.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз