Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында коронавирустық инфекцияның 5 жағдайы тіркелді. Оның барлығы дерлік Самар ауылының тұрғындары және зейнеткерлер. Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгінген кезде тамақ ауруы, әлсіздік белгілері, дене қызуы жоғары болғандықтан, профилактикалық мақсатта тексерілді. ПТР зерттеулері оң нәтиже көрсетті. Барлық байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, 5 адамның 1-і симптомсыз санатына жатса, қалған 4 науқастың клиникалық белгілері бар. Қазіргі таңда науқастар Көкпекті аудандық аурухананың жұқпалы ауруларды емдеу бөліміне жатқызылған.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
(«ҚДС департаментінің Көкпекті аудандық тау-арлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің
ақпараты бойынша)

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз