Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қасиетті жұма күні әулие Ырғызбай Досқанаұлының жиені емші, шипагер, әруағы күшті Бөдес ата бейіті басын қоршауын әрлеу, фундаментін құюға орын дайындау бойынша жұмыстар атқарылды. Өткен жылы аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының бастама көтеруімен, Бөдес атаның басын қорғауға байланысты жұмыстар басталған болатын. Осыған орай ауылдың тумалары, елжанды азаматтар қаржы жинаған еді. Биылғы жылы бейіттің айналасы қоршалып, Астана қаласынан Тассай ауылының тумасы Ерназ Мадиев деген азамат өз қаржысына қоршауын жасап берді. Ал ауылдың азаматтары бірі кісідей қоршауын орнатты. Қазіргі күні Каликов Марат ағамыз цемент әкеліп берді. Алдағы уақытта құрылыс материалы Бөдес ата бейітінің маңайын қоршауға пайдаланылады. Осы игілікті іс-шараға қол ұшын беруге Үлгілімалшы ауылынан арнайы мектеп директоры Ермек Сыдықұлы бастап келген мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. Сауапты іске әдейі келген топтың ішінде білім беру саласында көп жылдар еңбек еткен Гүлмира Идришева, Амина Искакова сынды ардагер ұстаздардың болуы көңілге жылу ұялатып, өскелең ұрпаққа үлгі болды. Сондай-ақ Тассай ауылының балабақша ұжымымен шараға ат салысқан ауыл тұрғындарына және де Ақой ауылынан атаның басына қажетті ыдыс аяқ пен астарын ала келген аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз. Жақсы істің шарапаты Алладан қайтып, атаның әруағы қолдасын.

Ауылдық округ ақпараты

21 тамыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жұмыс сапарымен Қойгелді Аухадиев атындағы және Үлкенбөкен ауылдық округтеріне барды. Округтердің аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, ауыл әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктеді.

Преображенка ауылында биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Тәуелсіздік, Достық және Абай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні көше жолдарына асфальт төсеу үшін қиыршық тас пен құм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы күні асфальт салу жұмыстарын бастайды. Мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС. Жұмысты жоспарлау барысында ауыл халқының ұсыныстары да ескерілді. Көнекөз қариялар көше бойымен ағатын көктемгі қарғын судың жолын, су шаятын тұстарды жақсы біледі. Жобалау барысында осы жағдайларға көп көңіл аудардық, - дейді ауыл әкімі Дәурен Жәнібекұлы.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Достық көшесіне қиыршық тас пен құм төсеу жұмыстарын көрді. Көшенің байырғы тұрғыны Николай Белыймен асфальт төсеу жұмыстарын талқылады. Осы ауылда туып-өскен Николай Белый 74 жас ғұмырында Преображенка көшелеріне тұңғыш рет асфальт салынғанына куә болатынын жасырмады. Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдық округ әкіміне жөндеу жұмыстарын күнделікті бақылауда ұстап, сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қадағалауды міндеттеді.

Толығырақ...

Биғаш ауылында жаңа мешіт ашылып, халық игілігіне берілді. Сәулеті келіскен «Биғаш ауылдық мешітінің» ашылу салтанаты 18 тамыз күні өткізілді. Игілікті шараға Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Абай облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі, наиб имам Қуандық Қосылханұлы, Абай облыстық қаржы басқармасының басшысы Әділет Қожамбаев, көптеген құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары мен жан-жақта жүрген ауыл тумалары қатысты.
«Дін – қоғамның тәрбиесі және айнасы» деген қанатты сөз бар. Осы даналықты ұстана отырып, ұрпағымыздың діни санасын қалыптастыруға қоғам болып жұмыс жасау маңызды. Имандылық ордасы саналатын мешіттің ашылуы Биғаш ауылындағы ынтымақ пен бірліктің сақталуына зор септігін тигізері сөзсіз.

Толығырақ...

Биғаш негізгі мектебінде биылғы жылы қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу, ғимараттың терезе, есік блоктарын ауыстыру жұмыстары қолға алынуда. Бүгінгі таңда білім ордасының спорт залын ақтау, бояу жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
Биғаш негізгі мектебінің ақпараты

Аудан орталығының іргесінде орналасқан Ажа ауылы соңғы жылдары тың тыныс алып, жаңа жобалармен жаңғырып келеді. Бұған себеп ауылда атқарылып жатқан игілікті істер. Жарқын жобалар мен игілікті істердің қайнар көзі  - ауыл халқының ауызбіршілігі.

Ауыл жастары былтырғы жылы өз күшімен шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңын салып берді. Биылғы жылы ауыл орталығынан еңселі мәдениет үйі бой көтерді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұл істердің ұйытқысы болып жүрген ауылдың атқамінер азаматтары. Елжанды азаматтар Қайрат пен Данияр бастаған Ажа жастарының ісіне қазіргі күні бүкіл жұрт сүйсіне қарайды, тамсанады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз