Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан орталығының іргесінде орналасқан Ажа ауылы соңғы жылдары тың тыныс алып, жаңа жобалармен жаңғырып келеді. Бұған себеп ауылда атқарылып жатқан игілікті істер. Жарқын жобалар мен игілікті істердің қайнар көзі  - ауыл халқының ауызбіршілігі.

Ауыл жастары былтырғы жылы өз күшімен шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңын салып берді. Биылғы жылы ауыл орталығынан еңселі мәдениет үйі бой көтерді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұл істердің ұйытқысы болып жүрген ауылдың атқамінер азаматтары. Елжанды азаматтар Қайрат пен Данияр бастаған Ажа жастарының ісіне қазіргі күні бүкіл жұрт сүйсіне қарайды, тамсанады.


16 тамыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Ажа ауылына жұмыс сапарымен барып, салынып жатқан мәдениет ошағының құрылысымен танысты. Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновқа құрылыс барысына барынша қолдау көрсету туралы тапсырма берді.
Мектеп директоры Әділбек Қаусовпен Ажа ауылында балабақша ашу мәселесі талқыланды. Былтырғы жылы Ажа ауылының тұрғындарымен кездесуде жергілікті халық тарапынан аудан басшысына бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін көтерген еді. Білім бөлімінің басшысына тиісті тапсырмалар беріліп, бүгінгі күні мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Нақты айтар болсақ, ғимарат сатып алынып, жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Қыркүйек айының 20 жұлдызында Ажа ауылының шағын орталығын ашу жоспарланған. Шағын орталықта 20 бүлдіршін қамтылады деп күтілуде.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз