Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде төрткүл дүние назары ауған V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі доданының шымылдығы «Астана-Арена» стадионында түріліп, салтанатты шараны мыңдаған көрермен тамашалады. Шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен келген бірнеше елдің президенті мен беделді ұйымдардың басшылары қатысты.

«Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек», - деді мемлекет басшысы.
Байрақты бәсекенің алғашқы күні Көкпекті ауданы үшін қуанышқа толы болды. Еліміздің намысын қорғаған ұлттық құрама сапындағы көкпектілік саңлақ спортшылар қоржынға жүлде салды.

Толығырақ...

2024 жылдың 2 тамызы күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстандық топонимдік жүйесін диахрониялық тұрғыдан зерделеу мақсатында ауданымызға келген экспедиция мүшелері зиялы қауыммен кездесті.
Кездесу 125 жылдық тарихы бар өңіріміздегі байырғы кітапханалардың бірі - Көкпекті аудандық кітапханасында өткізілді. Бұл отырысқа Астана қаласынан келген ғылыми-зерттеу тобының мүшелері-филология ғылымдарының докторы, Евразия Ұлттық Университеті профессоры Әбдуәлиұлы Бекжан, география және су қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкері Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы және Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, тарихшы-өлкетанушы Қайрат Малғаждаров, айтыскер ақын Фархат Маратұлы, аудандық “Жұлдыз-Новая жизнь” газетінің директор-редакторы, аудандық маслихат депутаты Дархан Бердібекұлы, кітапханашылар және бөлім мамандары қатысты.

Толығырақ...

Мақаншы ауданы Ақшоқы ауылында өткен ұлы аламан бәйгеде Көкпекті ауданының жүйрігі Көктұйғын топ жарды. Ұшқан құстың қанатын талдырып, тұлпардың тұяғын тоздыратын кең-байтақ еліміздің төрт қиырынан атбегілер келіп, желмен жарысқан 40-қа жуық сәйгүліктің бабы сыналған дүбірлі дода болды.
Бұл күні жарыс жолына шыққан сәйгүліктер аламанның көркін қыздырды. Құйрық-жалы төгілген кілең тұлпарлардың қолтық жазуы да жанкүйердің жан-жақтан қиқу салуымен қызықталды. Сөреден тізгін жіберген жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деген 37 сәйгүлік даланы дүбірлете 30 шақырымға бауыр жаза көсілді.

Толығырақ...

Көкпар – нағыз ерлер ойыны. Егінбұлақ ауылында білектілер мен жүректілер жарысы абыроймен өтті. Командалық көкпар ойыны өткізілген аудандық жарысқа 4 құрама қатысты. Жарыс жеңімпазы Ақой және Үлкенбөкен ауылы көкпаршыларынан құралған «Көкпекті жастары» командасы.

Егінбұлақ ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер, елжанды азамат Дамир Геккель ұлы Арманның 1 жас тойына орай командалық көкпардан аудандық жарыс өткізді. Дүбірлі додаға Көкпекті аудандық Ұлттық спорт ойындары орталығының мамандары басшылық жасады. Биғаш ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметқалиев шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Шараның жоғарғы деңгейде өтуіне Егінбұлақ ауылының тұрғындары бір кісідей атсалысты. Көршілес Биғаш, Жарық ауылының азаматтары да ортақ қуаныштан тыс қалмады.

Толығырақ...

27 мамыр күні  ауданымызда  «Арлан» шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Оған арнайы шақырылған  қонақтар, еңбек ардагерлері, орталықтың ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Ашылу салтанаты аясында еңбек ардагерлері және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Рауия Наурызбаева мен Гүлбаран Ақшабаева, ардагер ұстаз Сәуле Бекова, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов, және ата-ана Гүлжиян Сәрсенбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Орталықтың тәрбиеленушілері қонақтарға әннен шашу шашты. Мекеменің ашылуында қызыл лентаны қию құрметі Сәуле Байтілеуқызы мен Әлібек Түсіппекұлына берілді.
Шығармашылық орталығының директоры Маржан Ерболатқызы өрендер орталығымен таныстырды.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз