Жерлесіміз Серік Тлебалдин жаһандық жарыста ел қоржынына күміс медаль салды. Еліміздің Орал қаласында самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өткізілді. 7-10 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеге әлемнің 18 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.
Толығырақ...Жерлесіміз Дидар Тукушев Қырғызстанда самбо күресінен өткен әлем кубогында самбошылар арасында сынға түсіп, жүлдемен оралды.
Тамыз айының 22-23 аралығында Чолпан - ата қаласында 10 елдің самбошылары әлем кубогы үшін боз кілемде белдесті. Байрақты бәсекеде Дидар Тукушев 71 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан ІІІ орынды иеленді.
Дидар балуан боз кілемде белдесіп, өз ауданының намысын абыроймен қорғады. Самбошы үшінші орын үшін қырғыз балуанымен күресіп, 7/4 есебімен ұтып, нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Тартысқа толы күресте спортшыға қола медаль табысталды. Жерлесіміз Дидарды кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 16 тамыз күні арнайы жұмыс сапарымен Тассай ауылдық округіне барды. Жұмыс сапарын жол бойындағы Бөдес ата мазарына зиярат етуден бастады. Мазар басында Тассай ауылының азаматтарымен кездесу өткізіп, құран бағышталды. Әулие Бөдес ата мазарын абаттандыру жұмыстарының жоспары талқыланды.
Айта кетейік, өткен жылы Тассай ауылының азаматтарымен кездесуде аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өз тарапынан Әулие Бөдес ата мазарын абаттандыруды қолға алу бастамасын көтерген болатын. Аудан басшысының игілікті бастамасын барлық азаматтар бір ауыздан қолдап, абаттандыру жұмыстары бірден басталып та кеткен еді. Көп жылдар бойына Тассай халқының көкейінде жүрген үлкен іске осылайша тың серпін берілді.
Толығырақ...Ұлы Дала Елі алаңында Абай күніне орай «Ұлы қазақтың ұлы Абайы» атты тақырыптық концерт өткізілді. Іс-шараны Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Онда Ұлы ақынның өлеңдері шырқалып, халық рухани байыды. Көкпекті ауылының тұрғындары ұлы ақынның шығармашылығын тыңдау үшін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концертті тамашалауға алаңға жиналды.
10 тамыз – Абай күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұлы ақын һәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы...», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері болды.
Тақырыптық кеш шымылдығы «Толағай сазы» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Тор жорға» күйімен ашылды.
Көкпекті аудандық кітапханасының «Өлкетану» жоспары бойынша Биғаш ауылдық округінде «Апрым ата – дала кітапханасының бастауында» деген танымдық-тарихи семинар болып өтті. Семинарға Көкпекті ауданы орталықтандырылған кітапханасы меңгеруші Айтжамал Ибраева, кітапханашылар Жұлдыз Жақыпова, Әйгерім Маханова, Қайрат Малғаждаров, Биғаш ауылдық округі әкімі аппаратының маман-хатшысы Гүлмира Исмаилхаджиева, Биғаш ауылдық кітапханасының меңгерушісі Айтжамал Момбаева, Биғаш негізгі мектебінің кітапханашысы, ауылдық кітапхананың оқырмандары қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.