Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызда еңбек ұжымдары зейнеткерлерінің басын қосатын үлкен аудандық ардагерлер кеңесі бар. Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесіне көп жылдан бері Сләмбек Насырбайұлы төрағалық етіп, жетекшілік жасап келеді. Бүгінде ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы білмек мақсатпен аталмыш кеңестің төрағасына бірер сұрақ қойғанбыз.
– Көкпекті аудандық ардагер ұйымы жайлы айтып өтсеңіз.
-Көкпекті ауданы бойынша 18 бастауыш ұйым бар. Аудандық ардагерлер кеңесінің құрамына 22 адам енген. Ардагерлер ұйымының негізгі міндеті аудан ардагерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нақтылы жолдары қарастыру, көмек көрсету. Ауданымыз бойынша 9 ауылдық округте бастауыш ұйым құрылды. Біз бірде-бір ардагердің есептен тыс қалмауын қатаң қадағалаймыз. Ауданымыз бо-йынша 1 Ұлы Отан соғысына қатысқан Елеусіз Кинбаев деген ҰОС батыры, 173 – тыл еңбеккері, 6- ҰОС жесірі бар. Міне, осылардың ешқайсысы назардан тыс қалмауы тиіс. Әрбір ардагерге көңіл бөліп, назар аударған соң олар да белсенділіктерін арттыра бастады. Аудан бойынша өтетін жиында, іс шараларда ауылды абаттандыру, жастар тәрбиесі, қоғамдық мәселелер туралы өз ойларын ашық айтып, ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нақтылы жолдары жөнінде ұсыныстар білдіреді. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметтің ардагерлері Клара Рафикқызы, Гүлбаран Майлыбайқызы, Рауия Алпысбайқызы, құқық қорғау саласының ардагерлері Ратбек Арынұлы, Сайдрахим Файзуллин, Қайрат Малғаждаров ел бірлігі, ырысты ынтымақ, ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесіне белсенді жұмыс жүргізеді.


- 2021 жылғы есепті кезеңдегі жоспарланған жұмыстар қандай деңгейде орындалды?
2021-2022 жылға белгіленген іс-шаралардың көпшілігі ойдағыдай орындалды. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, дербес бөлімдер, шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлердің көмегімен барлығы 232 шара өткізілді. Оның ішінде 57 сенбілік, 18 ауылшаруашылық жәрмеңкесі, денсаулық саласының халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша 19 ашық есік күні, 17 концерттік шара, 19 спорттық шара өткізіліп, оған 2736 зейнеткер қамтылды. Аудан жастарымен бірлескен – 31 іс шара өткізілді. Қамтылған адам саны – 650. Жастар ресурстық орталығы аудан ардагерлерінің аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға отын жарып, көмірін кіргізуге, қарын күреуге көмек көрсетті.
Ауылдық округтерде 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне арналған «Қарттарым асыл қазынам» атты салтанатты іс шарасы ұйымдастырылды. Іс шараға округтегі зейнеткерлер қамтылып, сый-сияпат жасалып, дастархан жайылды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудандық ардагерлер үйінің ғимаратында ардагерлер арасында шахматтан аудандық турнир, екі жыл қатарынан шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа ардагер спортшы С.Тлебалдин, Қ.Тыныбаев және көптеген ардагер спортшылар ат салысты. 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Асыл әже» аудандық сайысы 17 ауылдық округтің арасында өте тартысты өтті.

– Атқарушы және өкілетті органдар тарапынан ардагерлерге жасалатын қамқорлық қай деңгейде деп бағалауға болады?
– Жалпы алғанда ардагерлерге қамқорлық көмек барлық жағынан көрсетіледі. Ардагерлер кеңестері құзырлы органдармен бірге көп нәрсені шеше алады. Солай болуға тиіс.
Өткен жылы денсаулықтарын түзету үшін 12 ардагерге Өскемен қаласындағы «Уба» санаториялық емдеу шипажайына жолдама берілді. 2022 жылы Абай облысының құрылуына байланысты Семей қаласы маңындағы «Қарағайлы» шипажайына жолдама алуға болады. Алайда оған тек разнарядка бойынша Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатынан зардап шеккен адамдар бара алады.
Қайырымдылық айлығы аясында 20 ардагерге коммуналдық қызмет түрлері бойынша төлемақыны жеңілдету үшін көмек көрсетілді. 30 адам баспасөзге тегін жазылды. 85 адамға тегін немесе арзандатылған бағамен дәрі-дәрмек босатылды. 3 зейнеткердің үйіне жөндеу жұмысы жүргізілді. Ауылдық округ әкімшіліктерімен бірлесе 1467 азық-түлік себеті таратылып берілді. 650 дастархан жайылды. 8 адамға қаржылай көмек көрсетілді. 236 адамға шаруа қожалық және жеке кәсіпкерлер демеушілігімен жем-шөбіне көмек көрсетілді. Жалпы аға буын өкілдеріне барлығы 10 млн. 500 000 теңге жұмсалды. Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай 5 ардагер ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының алғыс хатымен марапатталды. Ардагерлер жұмысына белсене қатысқаны үшін Т.Шнайдер, А.Садықов, С.Мұқашевке «Көкпекті ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.
-Мазмұнды баяндамаңызға рахмет. 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы ретінде аудан ардагерлерін құттықтап, ізгі тілегіңізді білдірсеңіз.
- Ардагерлеріміз болашақ жас ұрпаққа қашанда жол көрсетіп, ұлттық болмыс пен құндылықты бойына сіңіре отырып, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың өмірлік тәжірибесі мен бөлісіп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес. Ардақты ардагерлер!Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біз, әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.
Құрметті абзал ардагер ағалар, Қадірлі асыл аналар!
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.
Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Қазан айынының 1-31 аралығында жарияланған айлық аясында ауданымыздағы кәсіпкерлер мен шаруақожалық басшылары мүмкіндігінше көмекке мұқтаж қарияларымызға қол ұшын беріп, көмек көрсетулеріңізді сұраймын.

Сұхбаттасқан
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз