Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан 2022

31 Қазан 2022

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТАЛ ЕКТІ

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен көкпектіліктер күзгі көшет егу жұмыстарын аяқтауда. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген Көкпекті округі әкімшілігі мен тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Көшет егу жұмысы республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында жүзеге асырылуда.

Read more

КӨКЖАЙЫҚТА СУ ҚҰБЫРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Республика күні мерекесін Көкжайық халқы қос бірдей қуанышты жаңалықпен қарсы алды. Көптен күткен су құбыры іске қосылып, ауылға таза ауыз су берілді. Сондай-ақ қайта жөндеуден өткен спорт залы пайдалануға берілді. Ауыл халқының қос қуанышын бөлісуге барған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мерекелік шараларға қатысты.
Су құбырын салтанатты іске қосу шарасына ауылдың кәрі-жасы толық жиылды. Жиында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, мердігер ұйымға халық атынан алғыс білдірді.
- «Су - тіршілік көзі, жердің нәрі» деген дана халқымыз. Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында, қол жеткізіп отырған бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажет. Көкпекті ауданында Президент қойған міндетті орындау мақсатында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада Үлкенбөкен, Преображенка және Үлгілімалшы ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Алдағы 2023 жылы тағы 6 ауылға таза ауыз су тартылады. Таза ауыз сумен Шұғылбай, Биғаш, Шәріптоғай, Қарамойыл, Ақой және Мамай ауылдарын қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.

Read more

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА АЛДЫ

Қайта жаңғырған ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев облысымыздың бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланғандар «3-дәрежелі еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» төсбелгілерін иеленді.

Read more

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай 22 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде бірлігіміздің символы - көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті.  Бұл - ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. 

Read more

26 Қазан 2022

СОГЛАСИЕ И СТАБИЛЬНОСТЬ – НАШИ ГЛАВНЫЕ ЦЕННОСТИ

В доме культуры им. Калихана Алтынбаева состоялось масштабное мероприятие на тему «Духовное согласие – основа мира», организованное районным отделом внутренней политики по случаю Дня духовного согласия.
На круглый стол были приглашены глава района Дильдабек Тажибайулы, председатель районного Совета ветеранов Слямбек Насырбайулы, секретарь районного маслихата Талгат Манапулы, руководители правоохранительных органов, заместитель акима района Марат Капарулы, а также имамы сельских округов, представители общественности, члены Совета ветеранов Кокпектинского района, представители СМИ. Присутствующие поделились и обменялись своими мнениями по данной теме.
Выступивший первым глава района рассказал о значении дня и истории его возникновения, поздравил участников мероприятия.
- Уважаемые участники сегодняшнего круглого стола, как вы знаете, этот месяц является священным месяцем Мәуліт мерекесі. Духовное согласие, единство народов и традиционных религий – наше бесценное богатство, а стабильность – наша основа. Мы достигли сегодняшнего благословенного дня благодаря единству. Социально-экономические показатели страны растут благодаря взаимопониманию и согласию между народами. Разумные лидеры, руководившие страной, всегда придавали большое значение единству и миру, - сказал он.

Read more

ЫНТЫМАҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Қасиетті Мәуліт айында «Рухани келісім» күніне орай,  аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбында ауқымды шара өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына арнайы аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, аудандық маслихат хатшысы Талғат Манафұлы, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасары Марат  Қапарұлы шақырылды. Ауылдық округ имамдары,  белсенді қоғам өкілдері, Көкпекті округі ардагерлер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысып, тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды. Алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы атаулы күннің мән маңызы мен шығу тарихына тоқталып, іс-шараға қатысушыларды арнайы құттықтады.

Read more

18 Қазан 2022

ШҰҒЫЛАЛЫ ДА ШЫРАЙЛЫ МЕКЕН – ҮЛГІЛІМАЛШЫ АУЫЛЫНА 90 ЖЫЛ

Үлгілімалшы ауылы 90 жылдығын дүбірлеген думан, ұлы тоймен атап өтті. Аламанда тұлпарлар бәйгеге түсіп, көкпар тартылды. Азуын айға білеген Алаштың аймаңдай ақындары ауыл аспанында жыр шалқытты. Ата-баба аруағына құран бағышталып, ас берілді. Алыс-жақыннан ат терлетіп келген ағайын-туыс, тумалар арқа-жарқа болып көрісті. Құрметті қонақтарға сый-құрмет көрсетіліп, 2 күнге ұласқан ауыл тойының даңқы алты алаштың баласына жайылып, атағы алты қырды асты.
Бұл күнге дейін біршама жұмыс атқарылды. Ауыл тойына Үлгілімалшының суын ішіп, топырағына аунаған барлық азамат атсалысты. Ауылдық округ әкімі Берікбол Мұқышев бастаған әкімдіктің барша қызметкерлері, Нұрлан Ермек басқаратын Абай атындағы мектеп ұжымы, Еркінбек Байтунов, Айтқазы Смағұлов, Абылғазы Көкбаев бастаған ел ағалары, елге тұтқа болған Үлгілінің Атымтай жомарты Мұхамед Қалиханұлы, жалындаған жастар Азамат Халық, Ерлан Әзімбаев, Ерболат Көкенов, Серікбол Құрманғалиев, Айбол Мусинов, Айдын Қанапиянов қара нардай жүк ауырын арқалады. Дүбірлі тойдың демеушісі – ауыл тұрғындары.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған дүбірлі додаға дейін облыстық волейбол турнирі өткізілді.

Read more

МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТКЕН МЕРЕКЕ

Қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздардың төл мерекесі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар. Өткен аптада мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырған шараға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, саналы ғұмырын білім саласына арнаған шәкірттерін білім шыңына бастаған озық ойлы ардагер ұстаздар, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының мамандары қатысты.
Салтанатты мерекелік кешті ашу үшін құттықтау сөз кезегі Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаевқа берілді.
«Ұстаз ұлағатты есім» атты мерекелік шарада аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы мерекелік лебізін жеткізді. Өз сөзінде барша өңір ұстаздарын құттықтаған аудан әкімі ұстаздар қауымының қастерлі қызметтеріне сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі.

Read more

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Биғаш ауылының кіре берісіне арка орнатылды. «Биғаш» деген жазуы бар көрнекі материал металл конструкциядан жасалған. Бұл игі бастамаға мұрындық болған Биғаш ауылдық округінің әкімі Самат Кунафин. Ауыл ажарын аша түскен арканы орнатуға Биғаш негізгі мектебінің 1991 жылғы түлектері демеушілік көмек көрсеткен. Ауылдың кіре берісіне қойылған арка сонадайдан мен мұндалап, бұл ауылда қандай азаматтың дүниеге келгенін әлемге паш етіп тұрғандай. Биылғы жылы ауылдан түлеп ұшқан ауылжанды азаматтардың күшімен біраз жұмыстар атқарылуда. Туған жерді құрметтеудің үлгісін көрсеткен түлектерге ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз. Өз ауылын, туған жеріне бей-жай қарамайтын азаматтарымыздың қатары көбейе берсін.

Ауылдық округ ақпараты

Read more

ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖЕҢІСТЕРІ

2 қазан күні Өскемен қаласында Nomad MMA бойынша ашық чемпионат өткен болатын. Оған Көкпекті ауданының БМЖС мектебінің жаттықтырушысы Р. Н. Жүнісовтың тәрбиеленушілері қатысты. Олар ауданымыздың намысын қорғап, лайықты нәтиже көрсетті.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз