Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен көкпектіліктер күзгі көшет егу жұмыстарын аяқтауда. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген Көкпекті округі әкімшілігі мен тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Көшет егу жұмысы республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында жүзеге асырылуда.


Осындай сауабы мол іске бастамашы болып жүрген, аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, маслихат хатшысы Талғат Сарманов Көкпекті ауылының Абылайхан және Саяхимов көшелерінің бойына шырша көшеттерін екті.
Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазыұлының айтуынша аталған акциямен аудан бойынша мыңға жуық түп көшет егілген. Абылайхан мен Саяхимов көшесіне - 150-ден аса, Ж.Шайжүнісов орта мектебінің аумағына 60 түп сібір шыршасы отырғызылған. Қ.Алтынбаев аудандық мәдениет үйіне – 30, Куйбышев негізгі мектебіне 10, Үлкенбөкен округіне 250 дана берілді. Жалпы бұл акция алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
-Бұл шыршалар өскен кезде көшені де көркейтеді әрі экологияны жақсартады. Ары қарайғы күтіп ұстау жұмыстарына осы көше бойындағы тұрғындар да атсалысқаны жөн – дейді округ әкімі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз