Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

31 Қазан 2022

31 Қазан 2022

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТАЛ ЕКТІ

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен көкпектіліктер күзгі көшет егу жұмыстарын аяқтауда. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген Көкпекті округі әкімшілігі мен тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Көшет егу жұмысы республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында жүзеге асырылуда.

Read more

КӨКЖАЙЫҚТА СУ ҚҰБЫРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Республика күні мерекесін Көкжайық халқы қос бірдей қуанышты жаңалықпен қарсы алды. Көптен күткен су құбыры іске қосылып, ауылға таза ауыз су берілді. Сондай-ақ қайта жөндеуден өткен спорт залы пайдалануға берілді. Ауыл халқының қос қуанышын бөлісуге барған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мерекелік шараларға қатысты.
Су құбырын салтанатты іске қосу шарасына ауылдың кәрі-жасы толық жиылды. Жиында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, мердігер ұйымға халық атынан алғыс білдірді.
- «Су - тіршілік көзі, жердің нәрі» деген дана халқымыз. Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында, қол жеткізіп отырған бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажет. Көкпекті ауданында Президент қойған міндетті орындау мақсатында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада Үлкенбөкен, Преображенка және Үлгілімалшы ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Алдағы 2023 жылы тағы 6 ауылға таза ауыз су тартылады. Таза ауыз сумен Шұғылбай, Биғаш, Шәріптоғай, Қарамойыл, Ақой және Мамай ауылдарын қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.

Read more

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА АЛДЫ

Қайта жаңғырған ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев облысымыздың бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланғандар «3-дәрежелі еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» төсбелгілерін иеленді.

Read more

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай 22 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде бірлігіміздің символы - көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті.  Бұл - ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. 

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз