Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаз – жарқын мезгіл. Балалардың демалып, денсаулығын нығайтатын кезең. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылады, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды. Бұл тұста аудан оқушылары жыл сайын демалуға және бос уақытын пайдалану құқығын іске асыру және дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету мақсатында жаз мезгілінде «QH ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА – 2024» жобасын іске асырылады.
Биылғы жылы 9-18 шілде аралығында Үржар ауданының «Үржарайым» сауықтыру лагеріне Көкпекті ауданы бойынша 30 оқушы барды. Қазіргі уақытта 5-8 сынып оқушылары демалып жатыр.
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес, ауыл балаларына арналған «QH ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА – 2024» қоғамдық-маңызды жобасы «Қазақстан Халқына» қоғамдық әлеуметтік қорынан бөлінген жаздық жолдама бойынша сауықтыру орталықтарында демалатын балалар әртүрлі санаттар бойынша іріктеледі. Анығырақ айтсақ:
- жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
- жетім балалар мен АҚҚ балалар;
- төтенше жағдайлардан зардап шеккен балалар;
- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
- спорттағы дарынды балалар;
- шығармашылықта дарынды балалар;
- интеллектуалды дарынды балалар;
- үздік оқушылар.

Көкпекті орта мектебінде 24 мамыр күні "Білімім-Отаныма!" атты жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағатты өтті. Тәрбие сағатына барлық білім алушылар қатысты. (1-10).
Мақсаты:оқушыларды қазіргі заман талабына сай, терең білім алуға ынталандыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпы республиканың білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдалып, республика бойынша балаларының жетістіктері туралы видеоролик көрсетілді. Іс-шараға ата-аналар қатысты. Әр баланың жақсы қасиеттері, үлгілі істері айтылып марапатталды.
9-11 сынып оқушылары "Мен, Ұстаз, Мектеп" тақырыбында эссе жазды.

Көкпекті орта мектебінің ақпараты

Биылғы 2024 жылы еліміздің дамуына шығармашылық, қайраткерлік қырымен үлес қосқан бір шоғыр тұлғаның мерейтойы тойланады. Осыған орай аудандық білім беру саласында айтулы тұлғалардың мерейтойына арналған іс шаралар өткізілуде. Көкпекті аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Жұмаханованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті. 

Толығырақ...

Биыл Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне 90 жыл толып отыр. Мереке аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Осы орайда, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Білімді жастар – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты қозғаушы күші» тақырыбында дәріс өткізіп, жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа деген көзқарасын білдірді.
Дәріс барысында облыс әкімі IT саласы мен жасанды интеллектті дамыту жоспарына тоқталды. Ол креативті индустрияның және жастардың ғылыми зерттеулері мен стартаптарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Жаңадан құрылған Абай облысының дамуы – өздеріңіздей мамандар қолында. Кез келген қоғам үшін сапалы маман әрқашан бағалы. Сондықтан, осында отырған әр маман, Семейді, Абай елін көркейтуге күш салады деп сенемін», - деп қосты Нұрлан Ұранхаев.

Толығырақ...

Әлемдік білім мен ғылым кеңістігінде ұстаз бен ғалымның орны ерекше. Ұлт руханиятында ұстазды ұлықтау, ғалымды құрметтеудің өзіндік дәстүрлі жолы қалыптасқан. Руханият кеңістігінде ұстаз бен ғалымдардың көп болғандығынан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ұстаздығы мен ғалымдығын кәсіби жұмысы, күнделікті әдеті деп санайды. Өздері табиғатынан өте қарапайым, публикадан алшақ жүреді. Бәлкім олар «ұлылық – қарапайымдылықта» деген қағиданы қатаң ұстанатын болар. Осындай жандардың бірі Шұғылбай ауылының тумасы, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің түлегі, білім мен ғылымның қара шаңырағы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтында ұзақ жылдардан бері жемісті қызмет еткен, бүгінде елордамыз Астана қаласында еңбек етіп жүрген ұстаз-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Советқызы Ақтановаға қарата айтуымызға болады.

Айман Советқызы Ақтанова 1971 жылы 25 шілдеде Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Шұғылбай ауылындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, білім ордасын 1988 жылы тәмамдайды. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын 1988 - 1993 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігі және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бо-йынша аяқтайды.
Айман Советқызы 1993-1998 жылдары Шәкәрім атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарады.
Кейіннен 1998-2006 жылдар аралығында қаржы-экономикалық институтының қазақ тілі пәні оқытушысы, кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. 2006-2016 жылдарда Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі лауазымында жүріп шәкірт тәрбиеледі.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз