17 мамыр күні Көкпекті ауылдық мәдениет үйінде Оқушылар шығармашылық сарайы оқушыларының «Өнерлі өлкенің өрендері» атты есеп беру концерті өтті. Ұстаздардың шеберлігін шыңдап, талантты шәкірттердің өнерге қанатын қақтырған оқушылар шығармашылық сарайы жыл сайын есепті концертін ұсынып, ата-аналар мен ауыл тұрғындарының батасын алуды дәстүрге айналдырды.
Аудан орталығында орналасқан бұл мекеме жас дарындардың тереңде жатқан талантын көкке көтеріп, бойындағы бар өнерді дамытуға ең басты себепші болып отырған - үлкен ұжым. Осы ортадан шыққан сансыз шәкірттер облыстық, республикалық, халықаралық сахналарды бағындырып, халықты түрлі өнерлерімен баурап жүр. Бір кездері Ақан, Біржан, Әміреден бастау алып, бертін келе Ғарифолла, Кенендермен жалғасқан дәстүрлі өнерді сақтап, оны болашаққа жеткізу бүгінгі талантты ұрпақтың басты борышы. Өнер мектебінің ұстаздары асыл өнерді сақтауға, оны барынша жас ұрпақ арқылы дамытуға атсалысып, жас таланттардың жолын ашуға барын салып келеді. Қазіргі таңда Оқушылар шығармашылық сарайы облыс бойынша қосымша білім беру мекемелері арасында алдыңғы бестікте орын алуда.
Концертте өнерпаздар отыздан аса нөмір көрсетті. Бұл «Өнерлі өлкенің өрендері» атты концерт жылына бір рет өткізіледі. Өнер мектебіндегі дарынды жастардың барлығы - мектеп оқушылары. Осындай дарынды жастарға қолдау көрсетіп жүрген өнер мектебінің директоры - Асқар Дүйсенбекұлы Сүлейменов.
Өнер мектебінің әрқашан мерейі үстем болсын. Осында білім алған жас өнерпаздар ұлағатты ұстаздарынан озық түсіп, өнерлерін туған өлкеге, дөңгеленген төрткүл дүниеге таныта берсін!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.