Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мамыр 2024

31 Мамыр 2024

Assyltas қоғамдық қоры «ASSYLTAS BUSINESS HELP» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартады, деп хабарлайды bairak.kz.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба аясында 21-35 жас аралығындағы жас бизнесмендер конкурс негізінде 3 жыл уақытқа дейін және 5 миллион теңгеге дейінгі сомаға қайтарымды грант ала алады.

Байқауға қатысу үшін assyltas.kz сайтындағы анкетаны толтырып, бизнесіңіз туралы қазақ тілінде 1-3 минуттық видео түсіріп, бизнес-жоспар жасау керек. Жеке басты куәландыратын құжатпен бірге барлық құжаттарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына бір хатпен жіберу керек. Бизнес-жоспардың жобасы тек қазақ тілінде қабылданады.

Байқауға кез келген түрдегі шағын бизнес өкілдері қатыса алады, алайда жеңімпаздарды таңдау кезінде креативті және әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беріледі. Олардың қатарына салауатты өмір салтын насихаттау, өндірісті ұйымдастыру және мобильді қосымшалар жасау, сондай-ақ қазақ тілі мен ұлттық өнерді дамыту жобалары кіреді.

«Asyltas Business Help» компаниясының қайтарымды гранты – бұл жылдық мөлшерлемесі 0,01% болатын, яғни пайызсыз шағын несие деуге болады. Конкурс құрылтайшыларына заң бойынша пайызсыз несие беруге тыйым салынғандықтан, олар шағын несие бойынша көрсетілген ең төменгі сыйақыны белгілеуге мәжбүр.

Толық ақпарат алу үшін 7788 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе 8 747 721 65 10 нөміріне WhatsApp-қа жазыңыз.

Read more

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның теннис добы аукционға қойылады

Әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы мен танымал қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар теннис добы мен ұлттық құрама киімі қайырымдылық аукционына қойылады.

«Assyltas» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, GGG-дің 2017 жылы мексикалық Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқан қолғабы мен Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы және оның Қазақстан құрамасының олимпиадалық киімі аукционға шығарылады. Одан түскен қаражатты Assyltas қоғамдық қоры көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсайды.

Аукцион 1 маусымда Алматыдағы HAS PRO BOXING бокс кеші өтетін ADD Arena кешенінде болады.

Турнирдің басты оқиғасы қазақстандық Мирас Ертанов пен WBC International бұрынғы чемпионы Виктор Коточигов арасындағы жекпе-жек болмақ.

Read more

«ӘРУАҚҚА ТАҒЗЫМ»

31 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізеді.

Атап айтқанда, дүниеден өткен қаламгерлердің басына зиярат етіліп, құран бағышталады. Кеңсай зиратында жатқан тұлғалардың бейітінде тазалық жүргізіледі. Сондай-ақ жазушылар туралы естеліктер айтылып, ақындардың өлеңдері оқылады. «Өлі разы болмай, тірі байымас» демекші, әруақтарға бағыштап мал сойылып, ас беріледі.

Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз