Оқушылар шығармшылық сарайы – ауданымыздың білім беру саласындағы жетекші мекемелердің бірі. Аудан орталығында орналасқанымен, бүгінгі күнге дейін көптеген талантты жастарды тәрбиелеп, тізгін ұстар ел азаматтарын түлетіп ұшырды. Олардың әрқайсысы өз саласында жемісті еңбек етуде.
Бүгін Оқушылар шығармашылық сарайында жоспарға «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» атты түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға сурет үйірмесінің түлегі Ерланов Сұңғат пен домбыра сыныбының түлегі Ахан Гаухар келді. Түлектер кездесудің тізгінін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сабырбекқызы алып, кештің мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Ерланов Сұңғат Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің «Дизайн» мамандығының 4 курс студенті. Ал, Ахан Гаухар Мұқан Төлебаев атындағы музыка училишесінің 2 курс студенті. Кездесу барысында сөз алған түлектер алғашқы мұғалімдерін еске түсіріп, оқушы кездеріндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар олар бүгінгі күні мемлекет тарапынан жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, тек білім алу қажеттігін жеткізді. Бұдан өзге олар мамандық таңдау туралы өздерінің кеңестерін беріп, тәжірибелерімен де бөлісті. Осылайша артынан ерген іні-қарындастарына ақылдарын айтқан түлектер бастысы жан-жақты болуға шақырды. Кездесуде оқушылар түлектерге түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Кеш соңында сөз алған мектебіміздің директоры Асқар Дүйсенбекұлы аталған білім ордасында Назым Жұмабекқызы, Айдана Ермекқызы сынды алдыңғы буын жастардың қазіргі таңда қалтықсыз еңбек етіп жатқанын мақтанышпен жеткізіп, кейінгі түлектерде ел үшін аянбай жұмыс жасап жатқанын сөз етті.
Оқушылар шығармашылық сарайының ақпараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.