Ауа райының салқындауына байланысты тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар белең алатыны белгілі. Бұл - жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының ауруларының тобы. Ол уақытша еңбекке жарамсыздықты ғана емес, сонымен қатар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаевтың айтуынша, тұмау, әсіресе, иммунитеті әлсіреген адамдарда, балалар мен қарт адамдарда жиі асқынады. Тұмаудың негізгі белгілері мыналарды қамтиды:
• Жоғары температура (39-40С дейін);
• Дене және буын аурулары;
• Бас ауруы;
• Құрғақ жөтел;
• Тамақ ауруы;
• Әлсіздік пен шаршау;
Кейбір жағдайда тұмау бронхитпен, пневмониямен, гайморитпен асқынуы мүмкін, ал егде жастағы науқастарда тынысжолдарының аурулары, қант диабеті және жүрек ауруы сияқты созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Тұмаудан қорғанудың ең жақсы жолы – жыл сайын екпе алу.
11-15 қараша күндері аралығында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Бастауыш-білім бастауы» атты бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталықта мұғалімдердің пән апталығының мақсаттары мен міндеттерін барынша тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыс түрлерін таңдағанын көрсетті. Өткізілген іс-шаралар оқытудың әртүрлі әдіс тәсілдерімен, ұйымдастыру формаларымен ерекшеленді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу мен білімге деген қызығушылығын арттыру, оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Апталық аясында түрлі сайыстар, сыныптан тыс шаралар, қызықты сабақтар өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау мақсат етіледі.
Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Акция аясында оқушылар шығармашылық сарайында 29 қараша күні дөңгелек үстел өтті. Жиынға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы Жасұлан Разаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев,аудандық аурухананың психологы Анар Мұқатаева және әр саладағы әйелдер қауымы қатысты.
Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 26 қарашадағы № 84 хаты негізінде 25 қараша елімізде зорлық-зомбылықты жоюға және балалардың құқықтарын қолдауға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы басталған болатын. Соған орай «Көкжайық орта мектебінде 3 желтоқсан күні іс-шара жоспарына сәйкес, 7-11 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру, мейірімділік, құрмет, бір-біріне көмек көрсету құндылықтарын насихаттау арқылы зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар зорлық - зомбылық (буллинг, кибербуллинг) туралы мағлұмат алып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсінді. Тренингте балалар өз орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға үйренді. Жағдаяттық сұрақтарға белсенді жауап беріп, қызығушылықтарын танытты.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Ақпарат беруші мектеп психологы:
Орынбекова М.К.
Мектеп директоры: Нукушева С.Т.
Желтоқсанның төрті күні аудандық Оқушылар шығармашылық сарайының мәжіліс залында «Ардагерлер кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Көкпекті аудандық филиалының Пленумы өтті. Пленумның негізгі тақырыбы – Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» бағдарламасының Көкпекті ауданы ардагерлер ұйымдарында орындалу барысы туралы. Пленумге Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, БАҚ өкілдері және ауданымыз бойынша 45 Пленум мүшесінің 37-сі қатысты. Пленум аясында аудандық білім саласы ардагерлері кеңесінің «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша көрмесі қойылды.
Жиынды алдымен Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Көкпекті ауданының құрметті азаматы Мукашев Сләмбек Насырбайұлы баяндамамен бастады. Баяндамада негізгі тақырып қозғалумен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары айтылды. Бұл баяндамадан біз ауданымызда 2108 зейнеткер бар екенін, оның ішінде жалғыз басты қарттардың саны – 104, тыл еңбеккерлері және оған теңелгендер саны – 43, ҚР Қарулы күштерінің ардагері – 2, саяси қуғын-сүргін құрбандары – 17, 1 топ мүгедектері – 4, 2 топ мүгедектері – 17, 3 топ мүгедектері – 5 адам екенін білдік. Ардагерлер ұйымы 2024 жылдың 10 айында 163 іс-шара өткізген. Сонымен қатар Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудан бойынша зейнеткерлерге кең көлемде материалдық қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсан күні Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы аудандық «Аманат» партиясы ғимаратында алдынала жазылған аудан тұрғындарын қабылдады. Қай ауданда болмасын жергілікті билікке айтар арыз-арманын, түйткілді мәселесін жеткізе алмай жүрген жандар болады.
Аудан әкімінің қабылдауына ауданнан ғана емес, республиканың өзге өңірінен де тұрғындар жазыла алады.Көкпекті ауданы бойынша аудан әкімінің қабылдауына жазылған азаматтардың тізімінен ең бірінші болып Көкпекті ауылының тұрғыны Темергалиева Райхан Мухамадиярқызы тұрғын үй мәселесі бойынша кірді. Ол кісі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегіне 2020 ж. 03 қараша айында тұрған, қазіргі уақытта кезекте № 46 болып тұр. Аудан басшысы Райхан Мухамадиярқызының мәселесін барынша заң аясында шешетінін, бұл мәселені өзі қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімінің қабылдауына немересін жұмысқа орналастыру мәселесімен Преображенка ауылының тұрғыны Алин Оралғазы Аксейітұлы және тұрғын үй мәселесі бойынша Көкпекті ауылының тұрғыны Шакенова Анар Марсекқызы кірді. Олардың сұрақтарына Әділет Нұрсағатұлы барынша нақты әрі толық жауап берді. Қабылдауға келген Көкжайық ауылының тұрғыны Ақылбаев Ержан Құмарбекұлымен ғимарат мәселесі бойынша аудан әкімі арнайы жеке сөйлесетінін жеткізді. Ал Астана қаласынан тікелей эфир арқылы қабылданған Есбосынов Азамат Құрманбекұлына Әділет Нұрсағатұлы қолдан келген көмекті жасайтынын айтты.
Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен және басқа да тұрмысқа қажетті қызметтермен қамтамасыз ететін, жол және қар тазалаумен айналысатын “Көкпекті” ШЖҚК (Комхоз) мекемесі жаңа техникамен толықты. Заманауи «Погрузчик» тиегіш техникасын сатып алуға қажетті қаражат Әділет Қожанбаевтың тапсырмасымен аудан бюджетінен бөлінген болатын. «LIUGONG CLG8 5 5» маркалы техника аудан тұрғындарының игілігіне қызмет ететін болады.
Биылғы жылдың 27-29 қараша аралығында Көкпекті ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен, Оқушылар шығармашылық сарайының ұйымдастыруымен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші жерлесіміз Гүлнар Миғражқызы Бекбердинованың 60 жылдық мерейтойы аясында «Қылқаламға тіл бітірген суретші» атты ерекше сурет көрмесі өтті.
Бар саналы ғұмырын сурет өнеріне арнап, қылқаламның сиқырымен өмірге әкелген туындыларымен талайды тамсандырған Пикассо, Седов, Кастеев сынды ұлы суретшілердің есімін әлем халқы айрықша ықыласпен атайды. Расында да, өздерінің керемет туындыларымен кімге де болсын қуаныш сыйлаған осы бір ерекше өнер иелері қашанда қоғамымызда құрметке ие.
Адамзат баласына сондай ерекше қуаныш сыйлаған қылқалам өнерін өскелең ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде еңбек етіп келе жатқан суретшілердің бірі – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында қазақ этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлнар Миғражқызы Бекбердинова. Көкпекті ауданына қарасты, бұрынғы Ивановка қазіргі Көкжайық ауылында 1964 жылғы 20 қазанда дүние есігін ашып, бала жасынан сурет салуға құштарлығы артқан Гүлнар апай өсе келе суретші болуды армандаған екен. Бұл арманның да орындалар кезі жетті. Семей қаласындағы педагогикалық институттың көркемсурет-графикалық факультетін тәмамдаған. 1987-1994 жылдары туған ауылындағы мектепте бейнелеу өнері мен сызу пәнінен сабақ берген, әрі суретші-безендіруші болып еңбек етті. 1995 жылы Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына ғылыми қызметкер болып орналасып, онда 17 жыл жұмыс істеді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.