Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Есімі «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырында аталатын, Қалба тауының күнгейін тұтас қоныстанған, шығысын ежелгі Ертіс пен Зайсан көлі көмкерген Көкпекті – облыстағы іргелі ауданның бірі екені белгілі. Ол тоғыз жолдың торабында орналасқан. Көкпектіде  «Шығыс сақина» тас жолы салынған кезде, шаруашылығындағы ангор ешкісінің даңғы шыққан жылдары белгілі жазушылар  Мұхтар Әуезов, Леонад Соболевтер іссапармен келіп, құнарлы мақалаларға арқау болған мекен. Сондай-ақ белгілі ғалым  Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» атты кітабында Көкпекті туралы айтылады.

Толығырақ...

 Көкпекті ауданының Биғаш ауылында мектеп жанынан толық күнді балабақша ашылды. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. Бұл күні жаңадан ашылған балабақша табалдырығын 25 бүлдіршін аттады.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан тізгінін қолға алған алғашқы күннен бастап бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігі туралы нақты тапсырма берген болатын. «Барлығы – балалар үшін!» деген аудан басшысы нақты шараларды бірден қолға алды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашылды. Қазіргі таңда Көкпекті ауданында балабақша саны күн санап артуда. Жақында ғана Ақой ауылында да жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан еді. Алдағы уақытта Мамай және Ажа ауылдарында балабақша ашу бағытында жұмыс жүргізілуде.

Толығырақ...

І.Жансүгіров атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «мамандықты таңдау - болашақты таңдау» атты студенттермен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты - оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту. Осы білім ордасының түлектері болған және қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету. Мамандықтардың түрлері, әр-түрлі оқу орындары туралы жарнама жасау. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе мамандық таңдау. Ең бірінші мамандық таңдауды сөз етпек боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы.
Кездесу кешінде студенттер оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауға, таңдаған мамандықтың нағыз шебері болуға тілектестік білдірді.
Бұл кеште қатысушылар студенттік өмірдің қиындығы мен қызығымен танысты. Ал студент жастар туған жерге, елге деген сағыныштарын басты.

І.Жансүгіров атындағы
орта мектебінің ақпараты

Көкпекті баспасөзі жаңа басылыммен толықты. Балаларға арналған «JAS QALAM» журналы жарық көрді. Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында жаңа журналдың тұсау кесер рәсімі жасалып, оқырманға таныстырылды.
«JAS QALAM» балалар танымдық журналы - Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында шығарылатын жаңа басылым. Оқушылар шығармашылық сарайы мен аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің бірлескен жобасы газеттің қосымшасы ретінде қалың оқырманға жол тартады. Журналдың шығарушы редакторы Әнел Назарханова, дизайнері Анеля Есеркенова, корректоры Клара Қайыпжанқызы. Шымкент қаласында басылып шыққан журналдың алғашқы санында «Жас тілші» үйірмесіне қатысушы дарынды оқушылар дайындаған мақалалар ұсынылды.

Толығырақ...

Қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздардың төл мерекесі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар. Өткен аптада мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырған шараға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, саналы ғұмырын білім саласына арнаған шәкірттерін білім шыңына бастаған озық ойлы ардагер ұстаздар, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының мамандары қатысты.
Салтанатты мерекелік кешті ашу үшін құттықтау сөз кезегі Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаевқа берілді.
«Ұстаз ұлағатты есім» атты мерекелік шарада аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы мерекелік лебізін жеткізді. Өз сөзінде барша өңір ұстаздарын құттықтаған аудан әкімі ұстаздар қауымының қастерлі қызметтеріне сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз