Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Өзекті мәселеге көкпектілік ата-аналар да алаңдаушылық білдіруде. Әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың осы тақырыпта қызу талқыға түскен сауалдарын негізге ала отырып, Көкпекті аудандық білім бөлімінен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысы туралы ақпарат сұраған едік. Сұрақтарға білім беру бөлімінің басшысы тікелей жауап берді.
Мемлекет басшысы Жолдауында жария еткен «Балалар жылында» Көкпекті ауданы бойынша жазғы демалыс қалай ұйымдастырылды? Биыл балалар қайда демала алады? Қанша бала лагерьге барады? Тағы қандай шаралар көзделген? Бұл сұрақтарға аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинованың жауабын оқырмандар назарына ұсынамыз.

 

Мұстафинова Шолпан Нұрғазықызы, Көкпекті аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Көкпекті ауданы бойынша оқушылардың жазғы демалыс уақытын ұтымды ұйымдастыру мақсатында жоспар құрылып, оған сәйкес жұмыстар атқарылады. Аудандағы бала саны 4043 құрайды. Оның ішінде 11 сынып бітіруші 199 оқушы бар. Қалған 3844 оқушы жазғы демалу мен көріктендіру және көгалдандыру еңбегімен қамтылады.
Жаз уақытында 1 және 10 сынып оқушылары қатарынан 3844 бала 100 % сауықтыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмысымен қамтылады. Сауықтырумен 2185 бала (56,8%), көріктендіру және көгалдандыру жұмысы бойынша 1659 бала (43,1%) толық қамтылмақ. Оның ішінде патронаттағы 4 оқушы, қамқорлықтағы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 43 оқушы, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар 46, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар 992, көпбалалы отбасынан 386, аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған - 1, мектепішілік есепте тұрған бала - 4, сәтсіз отбасы балалары - 23 бала, жалпы саны - 1113 бала міндетті түрде қамтылады. Аудан бойынша 37 білім ордасының мектеп жанындағы лагерьлерінде 2085 бала демалды, ол жалпы оқушылар санының 54,2 пайызын құрайды.
Облыс көлемінде ауданның аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының 100 оқушысы ақысыз түрде сауықтыру лагерьлерінде демалатын болады. Облыстық қаражаттан 3500,0 тенге бөлінді. Қазіргі уақытта мектеп директорларына тапсырма берілді. Әр мектеп мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізгеннен кейін аталған оқушылар жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жоғары сыныптар арасынан 62 оқушы жұмыс атқарады. Көріктендіру және көгалдандыру жұмысы бо-йынша 83 топта 1659 оқушы қамтылатын болады. Аудан бойынша 2 мектепте «Үлкенбөкен мектеп-балабақша» кешені (10 бала) және Пантелеймоновка негізгі мектебінде (8 бала) орман шаруашылығы жұмысын ұйымдастырып, 18 оқушыны қамту жоспарланған.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту бойынша қосымша білім ұйымдарында, яғни Оқушылар шығармашылық сарайында және Балалар өнер мектебінде жазғы демалу бойынша музыка, интеллектуалдық, дебат, сурет, қолөнер, спорт үйірмелерінде 190 бала жұмыс атқарды.
Туристік саяхат бойынша облысымыздың киелі жерлеріне аудан мектептерінен оқушылар Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы «Ер Жәнібек» кесенесі, Абай ауданындағы тарихи «Жидебай» өлкесіне, Ұлан ауданындағы «Ақбауыр», Катон-Қарағай ауданының «Берел», Өскемен қаласындағы «Этноауыл» туристік өлкетану орындарына сапар ұйымдастырылып, барлығы 536 бала қамтылады. Саяхат сапарлары тамыз айының соңына дейін жалғасын табады.
Жазғы демалыс бойынша мектеп директорларымен 1 семинар, тәрбие ісінің меңгерушілерімен 2 семинар өткізіледі. Семинарларға аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлері, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және аудандық аурухана қызметкерлері қатысып, дәріс оқылады.
Оқушылардың жаз маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша мектеп директорлары ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Ескерту: білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинованың жауап мәтіні қаз-қалпында, ешбір түзетусіз баспаға беріліп отыр.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз