Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздардың төл мерекесі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар. Өткен аптада мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырған шараға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, саналы ғұмырын білім саласына арнаған шәкірттерін білім шыңына бастаған озық ойлы ардагер ұстаздар, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының мамандары қатысты.
Салтанатты мерекелік кешті ашу үшін құттықтау сөз кезегі Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаевқа берілді.
«Ұстаз ұлағатты есім» атты мерекелік шарада аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы мерекелік лебізін жеткізді. Өз сөзінде барша өңір ұстаздарын құттықтаған аудан әкімі ұстаздар қауымының қастерлі қызметтеріне сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі.


–Құрметті ұстаздар, қадірменді оқу-ағарту саласының ардагерлері! Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Елдің ертеңгі буыны – ұрпақ келешегінің кемел, болашағының баянды болуы, ең әуелі мұғалімнің есімімен тікелей байланысты. Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты ары қарай тәрбиелеп, білім беретін ұстаздар да солай ардақтауға міндеттіміз. – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткен еді. Бүгінгі күнде сапалы білім беру білім мекемелері арасында жұмыс нәтижелерінің басты белгілері болып саналады. Өздеріңізге белгілі соңғы жылдары ұстаздарға мемлекет көп көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты халыққа жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» деген болатын. Сондықтан да бар адамзаттың құнды өмірлік тәжірибесін және адамгершілік негізін қалыптастырған мұғалімдер қауымын ұлықтап, құрмет білдіретін бұл күн – ұлық мереке, – деген Ділдәбек Тәжібайұлы біздің ауданда мектеп, балабақша салу мәселесі қолға алынатынын жеткізді.
Мерекеге арналып ұйымдастырылған салтанатты шарада өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегі мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Абай облысының әкімінің Құрмет грамотасын аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы құрметпен марапат иелеріне табыстады. Сонымен қатар Абай облысы білім басқармасының марапатын табыстау құрметі Көкпекті аудандық маслихат хатшысы Талғат Манапұлына берілді.
Сол сияқты ұстаздарға құрмет көрсетілген шарада еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы алғыс хатын Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Көкпекті аудандық комитетінің төрайымының міндетін атқарушы Шолпан Мұстафинова табыстады.
Салтанатты шарада мәдениет үйінің кіші залында оқушылар шығармашылық сарайының педагогтары дайындаған күзгі көрме қойылды. Онда қолөнер, сурет үйірмесінің жұмыстары болды. Көрмені оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Сүлейменов таныстырды. Көрмедегі қойылған жұмыстарға көңілі толған аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы мекеменің жұмысына оң бағасын берді. Әсіресе екі жылдан артық балаларға қолөнерді үйретіп жүрген үйірме жетекшісі, қолөнерші Жанна Жабекованың қолынан шыққан туындыларды ықыласпен тамашалап, осы бо-йынша бірқатар тапсырмалар берді.
Ұстаздар мерейін үстем еткен кеште аудандық оқушылар шығармашылық сарайының өнерпаздары мен Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әншілері сахна төріне көтеріліп, ұстаздар қауымына деген алғысын әнмен білдірді.
Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының атынан мереке иелеріне гүл шоқтары таратылды.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңіз мерекеге ұласып, мерейлеріңіз үстем болсын.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз