Жас жігіттердің басым бөлігін әскери қызмет қызықтыратыны белгілі. Олардың қатарында «өрт сөндіруші – құтқарушы» мамандығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару - нағыз ерлік. Қиын, әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, көптеген ер-азаматтар осы мамандықты таңдауда. КТИ «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша өрт қауіпсіздік бакалавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандарды даярлайды. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес институттың іштей оқу бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы орта білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және математика пәндерінен) сәтті тапсырған және сайыстан мүдірмей өткен азаматтар қабылданады. Іштей оқуға түскен азаматтар казарма тәртібі бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатақханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «Өртке қарсы қызмет» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер әрі қарай ҚР ТЖМ органындарында және бөлімшелерінде қызметін жалғастыру үшін жолдама алады. Еліміздің тыныштығын қорғау - әр азаматтың міндеті.
Толығырақ мәліметті 33-ӨСБ және Көкпекті ауданының
ТЖБ – нің тел: 2-14-05, 2-14-81 арқылы білуге болады.
Ағымдағы жылдың 20-30 қазан аралығында Көкпекті ауданы білім бөлімінің жетекшілігімен, Оқушылар шығармашылық сарайының ұйымдастыруымен қашықтықтан «Жарқын күз» атты аудандық сурет байқауы өткізілген болатын. Аталмыш байқауға 14 мектептің қыл қалам шеберлері қатысқан.
Қашықтықтан өткен көрмеге қатысқан оқушылардың барлығына аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинованың атынан алғыс хаттар табысталды. Көрмеге қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз.
2020-2021 оқу жылының І тоқсанындағы білім беру ұйымдарының жұмыс қорытындылары туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Гаухар Жұматайқызы Каребаевамен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
1. 2020-2021 оқу жылында оқыту қандай форматта өтті?
2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Көкпекті ауданында 2020-2021 оқу жылын 4099 балалар контингентімен 37 жалпы білім беретін шағын жинақты мектеп бастады. 180 балаға дейінгі контингенті бар 32 мектеп I тоқсанда 2499 баланы қамти отырып, штаттық режимде оқытылды. Қашықтан оқыту форматында 1072 баланы қамтитын 5 толық жинақталған мектеп оқытылды, онда 56 кезекші сынып жұмыс істеді, 528 оқушы оқыды.
Толығырақ...«Бір тал кессең, он тал ек» әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі - үлкен сауапты іс.
Осы орайда, аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлының тапсырмасына сәйкес, Самар аграрлы-техникалық колледжінің ұжымы және студенттері мекеме аумағына 50 қарағай, 21 көк шырша көшеттерін отырғызды.
Адамның адам болып қалыптасуы оның тәрбиеленген ортасына байланыс-ты. Әсіресе, өз орныңды табуға жол бас-тайтын, үлгі-өнеге, ақыл кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт.
Ұстаз - шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы. Осындай ұлағатын көрсетіп жүрген ұстаздардың бірі, Көкпекті ауданының білім бөлімінің әдіскері - Гүлшат Нұрғазықызы. Ұстаз туралы сәулелі сөз, салиқалы пікір айту үшін оның өмір жолына соқпай кету әбестік болар еді. Бакытбек Гүлшат Нұрғазықызы 1986 жылы 30 тамызда Үлгілімалшы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Нұрғазы 40 жыл ауылшаруашылық саласында еңбек етсе, анасы Тұрсынай ауылдық почта қыметкері болған.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.