Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектептер қашықтан сабақ беру форматын іске қосты. Осы орайда төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына телесабақтар қалай өткізіліп жатқаны туралы арнайы Көкпекті ауданы білім бөлімінен білген болатынбыз. Олардың ақпараты      бойынша 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап 37 жалпы білім беретін мектепте қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып, онда 4077 оқушыны 850 мұғалім қашықтықтан оқытады.

Аудандағы мектептерде қашықтықтан оқыту жүйесі мынандай форматта:
1) аудандағы 33 мектепте онлайн режимінде қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған, оларда 3978 оқушы оқиды.
2) «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқыту 4 мектепте өтеді, 99 оқушы кері байланысты қағаз түрінде жүргізеді. (Қарақол негізгі мектебі - 17 оқушы, Палацы негізгі мектебі - 26 оқушы, Бигаш негізгі мектебі - 50 оқушы, Воздвиженка бастауыш мектебі - 6 оқушы)
3) ауданда 4077 оқушы республикалық «Отау» телеарналары арқылы оқиды (1226 оқушы «Еларна», ал 2851 оқушы «Балапан» телеарнасынан)
4) Оқытушылар мен оқушыларға уақытша пайдалануға 300 компьютер берілді, оның ішінде мұғалімдер - 65, оқушылар - 235 (көп бала-лы отбасылардың балалары -125, аз қамтылған отбасы - 90, мәртебесі жоқ оқушылар - 20). 2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 128 отбасынан 194 оқушыға маршрутизаторлармен және желіге қашықтықтан жұмыс істеу үшін тұрақты интернет байланысы орнатылды.


Қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру бүкіл мектеп үшін дәстүрлі түрде бекітілген кес-теге сәйкес жүргізілмейді, аудан мектептері оқушылармен жұмыс жасау үшін икемді және жеке кесте құрды. Бір пән бойынша сабақ ұзақтығы көрсетілмеген, бұл оқу мақсатына жетуге байланысты. Оқу іс-әрекеті қашықтықтан оқытудың қолжетімді және ыңғайлы форматын ескере отырып ұйымдастырылады.
Сабақтарда мұғалімдер Bilimland және Kundelik білім беру платформаларын пайдаланады, көбінесе жұмыс Whatsapp және электронды пош-та арқылы ұйымдастырылады. Сабақты жоспарлау негізінде мұғалімдер оқушыларға оқулықтағы өздік жұмыс тапсырмаларын орындау үшін оқу материалдарын, сонымен қатар BilimLand интернет-платформаларында орналастырылған сабақтарды ұсынады; Kundelik.kz; Daryn.online және қолжетімді цифрлық білім беру ресурстарын (Мектеп.OnLine; Opiq.kz Microsoft TEAMS, GoogleClassRoom) пайдалануға болады.
Бұл Интернет-платформалар оқу процесін онлайн режимінде ұйымдастыруға арналмаған. Мұғалім электронды журналдар жүйесінде, Интернет-платформалар, электрондық пошталар, WhatsApp, Aytu-chat және басқа да жедел хабарламалар арқылы өз бетінше орындау үшін оқу тапсырмасын бере алады. Kundelik.kz, Bilimal.kz, Mektep.edu.kz журналдары арқылы кері байланыс ұсыну, ал электронды журналдар болмаған жағдайда - мұғалімнің қалауы бойынша қолжетімді байланыс түрлері арқылы (мұғалім кері байланыс-ты берудің жиілігін анықтайды) жүзеге асыруына болады. Сабақтарды онлайн режимінде өткізу мүмкін емес мектептерде балаларға теледидарлық каналдар бойынша сабақ кестесі ұсынылды, онда кері байланыс қағаз жүзінде беріледі.
Аудан бойынша қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты туындаған сұрақтарға жедел жауап беру үшін 37 Call-орталығы ұйымдастырылып, жеке кеңестер беріледі.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз