Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы 2019-2020 оқу жылы сәтті аяқталды. Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп бар. 2019-2020 оқу жылын 11 сыныптан 187 оқушы, 9 сыныптан 141 оқушы тәмамдап шықты. 

Аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен 2019-2020 оқу жылының аяқталуы мен ҰБТ-ның өту барысы төңірегінде болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Құрметті Шолпан Нұрғазықызы, биылғы жылы ҰБТ-ның ерекшелігі қандай болмақ? Ауданымызда ұлттық бірыңғай тестілеуге қанша түлек қатысады?
- 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді, алайда тестілеу кезіндегі жауапкершілік күшейтіледі.
2019-2020 оқу жылының соңында Көкпекті ауданының мектептерінде 187 түлек бітірсе, олардың 71%-ы немесе 134 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Ауданда 21 түлек «Алтын белгіге» және 5 түлек Үздік аттестатқа үміткер.
2020 жылы түлектердің білімі міндетті және бейіндік пәндер бойынша бұрынғы шкаламен бағаланады. ЖОО-ға қабылдау рәсімі біршама өзгереді, жаңашылдықтар енгізілді.
Егер оқуға түсуші шекті балл жинамаса, ол бірінші сессия аяқталғанға дейін ақылы бөлімге түсуге құқылы болады. Осыдан кейін студент тестті бір жыл бойы қайта тапсыра алады. ҰБТ-ның маусым айындағы нәтижесі бойынша қағаз емес, электронды сертификат беріледі.


Алайда, егер мектеп бітірушіде тестілеуге жіберу кезінде немесе тестілеу уақытында тыйым салынған заттар анықталса, ол ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру құқығынан айырылады, ал тестілеу нәтижелері жойылады. Тестілеуге бөгде тұлғаны тартқан талапкер ағымдағы жылы ҰБТ-ға дейін жіберілмейді. Сонымен қатар, бейне жазбаларға талдау жасалып, онда түлектер ҰБТ кезінде өздерін қалай ұстағаны және тыйым салынған заттарды пайдаланғаны мұқият қаралады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру барысында санитарлық шаралар күшейтіледі. Абитуриенттер дезинфекцияның 5 түрі арқылы өтеді: дезинфекциялық туннель, қолды дезинфекциялау, аяқ киімді дезинфекциялау, температуралық бақылау, масканы респираторға ауыстыру.
Ата-аналар, педагогтар, бөгде тұлғалар ҰБТӨП ғимараттарына жіберілмейді, бала қозғалысының және оның аудиторияда болуының барлық бағытында ҰБТ-ға қа-тысушылар арасында 2 метр арақашықтық сақталады. Қажетті қашықтыққа жету үшін аудиториядағы түлектер саны екі есе азаяды.
- Бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты балабақша жұмысы қалай ұйымдастырылады?
- Көкпекті ауданында 2020 жылдың 18 мамырынан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақ-тай отырып, барлық меншік нысанындағы балабақшалардың жұмысы жанданды. 10 балабақша жұмысын бастады, онда 1 топта 15 баладан 15 кезекші топ жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 18: 00-ге дейін. Сонымен қатар, балабақшаға балаларын апаруға ниет білдірушілер болған жағдайда қосымша топтар ашу қарастырылады. Топтарда қызметін қайта бастауға жататын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталады.
Сұхбатыңызға рахмет!

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз