Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Нүкібаев Нұролла 1938 жылы 9 мамырда Тассай ауылына қарасты Шұбарши колхозында дүниеге келген. 6 Жасынан еңбеккке араласып, ата-анасына көмектесіп, балалық шағын еңбек етумен өткізген. Тылдағы еңбекпен шыңдалған бала Нұролла, кеңшардың қызметімен өскен жігіт Нұролла, атақ-марапатты еңбекпен алған ата Нұролланың өмір жолы туралы ақпараттар ұсынамыз. 

1944 жылы Шұбарши колхозы «Большевик» кеңшарына қосылды. Сол кезде, колхозда төрт жыл еңбек етіп, 1958 жылы Үлгілімалшы совхозына келіп, мал шаруашылығымен айналысады. 1967-1996 аралығында Қарағандыкөл совхозында да әр түрлі жұмыс жасап, көзге түсіп қажырлы еңбегі арқасында 1970 жылы В.И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1971 жыл 20 мамыр «Қызыл Ту» орденінің иегері атанып, 1973 жылы 12 тамызда «Октябрь Революциясы» орденімен, 1973 жылы 25 маусымда ауыл шарушылығында көрсеткен еңбегі арқасында «Главный Комитет ВДНХ СССР» қола медальмен марапатталды. 1982 жылы «Мал шаруашылығының 1 класс шебері» деген атақ берілді. Сонымен қатар, 1989 жылы Қарағандыкөл селолық советінің депутаты болып сайланды. 1985 жылы «ударник 11 пятилетки Кокпектинского райкома профсоюза работников сельского хозяйства» куәлігіне ие болды. 2000 жылы 6 қазанда Көкпекті ауданының 70 жылдығына орай аудан экономикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Көкпекті ауданына 70 жыл» медалімен марапатталды. Осындай жылдар бойы өз күші мен еңбегінің арқасында отбасын да қатардан қалдырмай, еліне еңбегін сіңіріп жатқан Нұролла атамыз зейнеткерлік жасқа жетіп, бала-шағасының ортасында ғұмыр кешуде. 

 

Атамыз 15 бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің ортасында ауылының сыйлы ақсақалы болып отырған жайы бар.
«Біз де, Сақыжан екеуміз балаларды солай бақтық. Осындай әулетті өсіріп, әрқайсысына білім беріп, өмірге бейімдеп, үлгілі тіршілік етуге баулыдық. Атамыз қазақ айтпақшы «бір қозы туса, бір түп көде артық шығады». Әр баланың өз ырыздығы, өз несібесі болатына меңзелген. Он бес баланың ешқайсысынан да қиындық, жаманшылық көрмедік. Келіндеріміз де, күйеу балаларымыз да өз балаларымыздан кем емес», - дейді, бүгінде 85-ке толған ардақты ақсақал.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз