Осыдан бірнеше жыл бұрын сәтті жүзеге асқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бүгінде ауылдағы маман тапшылығын шешуге үлкен сеп болуда. Әсіресе, аудандағы елді мекендерде сұранысқа ие болып отырған медицина, білім беру және мәдениет салаларына білікті де білімді жас мамандар көптеп келе бастады. Оның үстіне, ауылға келген жас мамандарды ынталандыру мақсатында көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына да жеңілдетілген несие берілуде. Мемлекет басшысы да өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл» - деп ашық та, анық айтқан болатын. Міне, осындай мүмкіндікті мүлт жібермеген жас маманның бірі – Көкпекті ауылының тұрғыны Замира Сапарова.
Ол Шұғылбай ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті аяқтайды. Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған ол, 2017 жылы үздік дипломмен оқуын аяқтаған. 2019 жылы еңбек жолын ауылдан бастауды құп көрген. «Бүгінде білім беру саласы қарыштап дамып келе жатқандықтан, ондағы жаңашылдықтарды әсіресе жастар жақсы түсінеді. Сонымен қатар, жоғарғы білімді мамандар ауылды жерлерге өте қажет. Мұнда үлкен тәжірибе жинап, білікті маман болып қалыптасуға мүмкіндік те көп. Сондықтан, қолға диплом тиісімен туған жерге жұмысқа тұруға асықтық. Сәтін салғанда, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен дер кезінде танысып, сол арқылы «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкпекті - Толағайы» бөбекжай – балабақшасы КМҚК-на жұмысқа орналастым – дейді Замира Ақылбекқызы.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС-індегі ядролық реакторындағы жарылыс апатының 35 жылдығына орай, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жауынгерлік және еңбек даңқы залында патриоттық сабақ өтті.
Мұражай қорының сақтаушысы Клара Смаилова ұйымдастырған іс-шараға Көкпекті орта мектебінің кадет сыныбының оқушылары қатысты. Клара Рафикқызы қатысушыларды сол алапат апаттың тарихымен таныстырып, тақырыптық стенд көрсетті. Сондай-ақ, шара аясында оқушылар назарына арнайы дайындаған әдеби монтаж бен апат туралы бейнеролик ұсынылды.
Көктем - ең әдемі, керемет жыл мезгілі. Бұл мезгіл маған қуаныш сезімін сыйлайды. Көктем – өзгерістер уақыты, жаңа достар және танысулар. Себебі, бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі бас-талады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Көктемнің белгісі болып есептелетін бәйшешек гүлі шығады. Сол сәттен бастап күн жылынып, шөптер, түрлі гүлдер шыға бастайды. Баулардағы, көшелердегі, үй маңындағы ағаштар бүршік атып, түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады. Дихандар жер жыртып, егін егуге дайындала бастайды.
Қазақстанымыздың шығыс ауылдарында күн жылынып, құстар ұшып келіп жатыр. Олар - табиғаттың керемет тіршілік иелері. Олар болмаса, айналамыз тып-тыныш болып қалады. Құстардың салған әсем әндері де құлаққа жағымды естіледі.
Біздің Самар ауылымызда құстарға жанашырлық танытып, мектеп мұғалімдері мен балалар көптеген ұя жасаумен қамданып жатыр. Ұшып келген құстар жаңа ұяға қонып, балапандарын шығарады, айналаны әуені тамаша әндерімен тербетеді.
Диас Тұрсынбеков, Ж.Болғанбаев атындағы
мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
24 сәуір күні Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде Көкпекті ауылы «Оқушылар шығармашылық сарайының» ұйымдастыруымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып «Үкілі домбыра» атты аудандық жас домбырашылар байқауы өткізілді.
Шара Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және ұлағатты ұстаз, сазгер Нұрлан Күшебайұлы Кожыковты еске алуға орай орайластырылған.
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. Тақырыптық шара «Барлығына денсаулық» ұранымен өтуде. Самар Орталық кітапханасының кітапханашылары «Денсаулық - адамның баға жетпес байлығы» атты тақырыптық кеш өткізді. Тағылымды шараға «Сударушка» және «Шаңырақ» клубтарының мүшелері шақырылды. Тақырыптық кеш «Денені қалай нығайтуға және ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға болады», «Дене жаттығулары мен дене шынықтырудың пайдасы», «Дұрыс тамақтану және оның пайдасы» атты үш тақырыпты қамтыды. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы таныстыру презентациясы ұсынылды. Тақырыптық кеш барысында қатысушылармен денсаулық туралы қызықты викториналар өткізілді. Қарт адамдарға денсаулықты сауықтыру жайлы ұсыныстар мен кеңестері бар жадынамалар таратылып, оларға пайдалы физикалық жаттығулар көрсетілді. Шара соңында «Денсаулық туралы дана сөз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.