Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 20-30 қазан аралығында Көкпекті ауданы білім бөлімінің жетекшілігімен, Оқушылар шығармашылық сарайының ұйымдастыруымен қашықтықтан «Жарқын күз» атты аудандық сурет байқауы өткізілген болатын. Аталмыш байқауға 14 мектептің қыл қалам шеберлері қатысқан.
Қашықтықтан өткен көрмеге қатысқан оқушылардың барлығына аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинованың атынан алғыс хаттар табысталды. Көрмеге қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз.


Сондай-ақ «Менің бастамам – менің Отаныма» атты шығармашылық жобалардың республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қашықтықтан біздің ауданның атынан Оқушылар шығармашылық сарайының оқушысы Назира Әділбекова қатысты. Жобаның басты мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған, балалар мен жастардың бастамаларын насихаттау. Республикалық сайыстың қорытындысы бойынша Назира Әділбековаға арнайы сертификат беріліп, жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. Жас өнерпазды жобаға дайындап, үміткерді табысқа қол жеткізуі жолында жетекшісі Ш.Таныбаеваның еңбегі зор.
Оқушылар шығармашылық сарайы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз