Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. Тақырыптық  шара  «Барлығына денсаулық» ұранымен өтуде. Самар Орталық кітапханасының кітапханашылары «Денсаулық - адамның баға жетпес байлығы» атты тақырыптық кеш өткізді. Тағылымды шараға «Сударушка» және «Шаңырақ» клубтарының мүшелері шақырылды. Тақырыптық кеш «Денені қалай нығайтуға және ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға болады», «Дене жаттығулары мен дене шынықтырудың пайдасы», «Дұрыс тамақтану және оның пайдасы» атты үш тақырыпты қамтыды. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы таныстыру презентациясы ұсынылды. Тақырыптық кеш барысында  қатысушылармен денсаулық туралы қызықты викториналар өткізілді. Қарт адамдарға денсаулықты  сауықтыру жайлы ұсыныстар мен кеңестері бар жадынамалар таратылып, оларға пайдалы физикалық жаттығулар көрсетілді. Шара соңында «Денсаулық туралы дана сөз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз