Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өскемен қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылар арасында Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты өңіраралық байқауы өткен болатын. Байқаудың негізгі мақсаты жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Өңіраралық байқауға аудан атынан 3 үміткер қатысты. Оның екеуі жүлделі орынмен оралды.
Атап өтсек, А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жанатбек Дюсешов ІІ орынды иеленіп, 40 мың теңгенің сертификатын жеңіп алса, М. Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дильназ Қанағат ІІІ орынды иеленіп, 20 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Жеңістерің құтты болсын!
Оқушыларды байқауға дайындаған жетекші мұғалімдерге алғыс білдіреміз!

М.Әуезов атындағы орта мектебінің ақпараты

26 тамыз күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өткен ауданымыздың педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. Мәртебелі мамандық иелерін арнайы құттықтауға аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы, маслихат хатшысы Талғат Манафұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, «AMANAT» партиясының жауапты хатшысы Раушан Алпысбекқызы, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері арнайы келді. Педагогтердің басқосуына Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшылығы, әдіскерлер, мектеп директорлары мен мұғалімдері, балабақша меңгерушілері және әдіскерлері, тәрбиешілер қатысты.

Толығырақ...

Әне-міне дегенше биылғы оқу жылы да өз мәресіне жетті. Кеше ғана алғашқы қоңырау сыңғыры оқушыларды мектепке, оқу-білімге шақырып, «Білім күні» мерекесі тойланған еді. Бүгін міне, мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мектеп бітіруші түлектерді үлкен өмірге шығарып салды. Көкпекті ауданының барлық мектептерінде «Түлек 2022 - жаңа Қазақстанның ертеңі» атты «Балалар жылына» арналған соңғы қоңырау салтанаты өткізілді.
- Ауданымызда барлығы 4043 оқушы болса, биылғы оқу жылында 200 оқушы 11 сыныпты бітірді. Аудан бойынша 26 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 14 оқушы «Үздік аттестатқа» ұсынылды. 11 сынып бітірушілер 27 мамырдан, ал 9 сынып бітірушілер 28 мамырдан бастап емтихан тапсырады. Сондай-ақ барлық білім беру мекемелерінде 25 мамыр мен 17 маусым аралығына жазғы мектептер ұйымдастырылды, - дейді Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Адия Фахрутдинова.

Толығырақ...

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Өзекті мәселеге көкпектілік ата-аналар да алаңдаушылық білдіруде. Әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың осы тақырыпта қызу талқыға түскен сауалдарын негізге ала отырып, Көкпекті аудандық білім бөлімінен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысы туралы ақпарат сұраған едік. Сұрақтарға білім беру бөлімінің басшысы тікелей жауап берді.
Мемлекет басшысы Жолдауында жария еткен «Балалар жылында» Көкпекті ауданы бойынша жазғы демалыс қалай ұйымдастырылды? Биыл балалар қайда демала алады? Қанша бала лагерьге барады? Тағы қандай шаралар көзделген? Бұл сұрақтарға аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинованың жауабын оқырмандар назарына ұсынамыз.

Толығырақ...

Суретші болу үшін ең бастысы - еңбекқорлық пен ізденіс. "Мен тума талантпын, суретшілік қабілет қанымда бар" деп жүре берсең, оның да бір күн таусылатын шағы болады екен. Суретші болам деген адам білімін үнемі жетілдіріп отырған абзал. Сондай-ақ сұлулыққа, өмірге ғашық болмай "Суретші боламын" деп айту қателік.
Бүгінгі менің мақалама арқау болып отырған кейіпкерім - сурет өнерінің жас дарыны.
Он саусағынан өнер тамған Сұңғат Ерланұлы мектеп қабырғасында жүргенде сурет өнеріне құштарлығы оянып, табиғаттың тылсым күшімен сырласқандай күйге енген. Бар уақытын суретке арнаған Сұңғат оқу мен еңбектің арқасында мұғалімдер көзіне іліге бастаған. Ерекше қасиеті мен дарынын байқаған ұстаздар мектепаралық суретшілер байқауына қатыстыруға бел байлайды. Нәтижесінде ұстаздарының үмітін ақтап, байқаудың бас жүлдесін иеленген жас суретшінің әп-сәтте бағы жанып, мектеп мақтанышына айналды.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз