Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Суретші болу үшін ең бастысы - еңбекқорлық пен ізденіс. "Мен тума талантпын, суретшілік қабілет қанымда бар" деп жүре берсең, оның да бір күн таусылатын шағы болады екен. Суретші болам деген адам білімін үнемі жетілдіріп отырған абзал. Сондай-ақ сұлулыққа, өмірге ғашық болмай "Суретші боламын" деп айту қателік.
Бүгінгі менің мақалама арқау болып отырған кейіпкерім - сурет өнерінің жас дарыны.
Он саусағынан өнер тамған Сұңғат Ерланұлы мектеп қабырғасында жүргенде сурет өнеріне құштарлығы оянып, табиғаттың тылсым күшімен сырласқандай күйге енген. Бар уақытын суретке арнаған Сұңғат оқу мен еңбектің арқасында мұғалімдер көзіне іліге бастаған. Ерекше қасиеті мен дарынын байқаған ұстаздар мектепаралық суретшілер байқауына қатыстыруға бел байлайды. Нәтижесінде ұстаздарының үмітін ақтап, байқаудың бас жүлдесін иеленген жас суретшінің әп-сәтте бағы жанып, мектеп мақтанышына айналды.


Кейін облыстық суретшілер байқауына қатысып, ылғи жеңіспен оралып жүрді. Бала кезде суретші болуды армандаған ол бүгінгі таңда биік мақсаттың белестерін бағындырып келеді.
Сұңғат Көкпекті ауылындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Будунбаев Ерлан Алтайұлы – «Қазпошта» АҚ көлік жүргізуші, ал анасы орталық аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Отбасында екінші бала, ағасы Самат Семей қаласы Шәкәрім атындағы университет студенті.
Сұңғаттың өнерге қабілеті бар екенін түсінген ата-анасы Көкпекті ауылындағы Оқушылар шығармашылық сарайына (бұрынғы «Балалар өнер мектебі») «сурет» үйірмесіне береді. Шығармашылық өнерге баулыған алғашқы ұстаздары Равиль Ришадұлы, Айнұр Сабырбекқызы, Қанат Тілегенұлы, Ринат Қапасұлына айтар алғысы шексіз.
Сонымен қатар, әртүрлі өнер додаларына қатыстырып, шашбауын көтеріп жүрген ұстазы Шарипа Саруарқызы Тыныбаеваны Сұңғат үлкен сүйіспеншілікпен еске алып, ризашылығын білдіруде. Таудай талабы бар Сұңғаттың еңбекқорлығы кімге болса да үлгі болары сөзсіз.
Сурет салу аса бір шыдамдылықты қажет ететін өнер. Миллиардтар арасынан ерешеленіп, өзгелерден дараланып, айналаңды таңғалдыру туа біткен дарын, болмаса басыңа түскен бақ болуы ғажап емес. Өйткені басқалардың жасай алмаған дүниесін жарыққа шығару қажымас еңбекті талап етеді. Сол секілді жан-тәнін, бар уақытын бір кескінге беріп, қағаз бетіне телміріп отыру тек суретшілерге ғана тән қасиет. Олай дейтініміз, шабытын қамшылап, оған өмірін арнау кез келген жанның қолынан келе бермейді.
Ел арасында жастардың бірі спортпен танылса, екіншісі басқа да өнерімен тәнті етеді. Сол секілді аудандағы Сұңғат сынды қылқалам шебері Көкпекті атын республика ғана емес, әлемдік аренаға шығарып жатса нұр үстіне нұр болады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ, педагог-ұйымдастырушы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз