Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәуір 2023

18 Сәуір 2023

ВЫПУСКНИКОВ ВУЗОВ ПРИГЛАСИЛИ НА МАЛУЮ РОДИНУ

7 апреля в областном центре - г. Семей аким Кокпектинского района Дильдабек Оразбаев встретился с кокпектинскими студентами, обучающимися в ВУЗах. В рамках встречи в Alikhan Bokeikhan University для выпускников высших учебных заведений была проведена ярмарка вакансий нашего района.

На мероприятие по инициативе акима района Дильдабека Оразбаева были приглашены ветераны – выходцы из нашего района, проживающие в городе Семей. Также в поддержку инициативы на встрече выступили председатель районного Совета ветеранов Слямбек Мукашев, председатель районного маслихата Талгат Сарманов, заместители акима района Марат Темиржанов и Максат Суйесинов, депутат областного маслихата, руководитель аппарата акима района Бек Нугыбаев, директор ТОО «Өрнек» Ержан Койгельдин, депутаты районного маслихата Гульназ Нургалиева, Асыл Толешова, Дархан Дюсембаев, руководители самостоятельных отделов и представители служб района. На встречу пригласили студентов из нашего района, обучающихся в Alikhan Bokeikhan University, государственном университете имени Шакарима и Семипалатинском государственном медицинском университете.

Read more

ТҮЛЕКТЕРДІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ШАҚЫРДЫ

7 сәуір күні Абай облысының орталығы Семей қаласында Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген көкпектілік студенттермен кездесті. Әлихан Бөкейхан университетінде өткен кездесу аясында жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін Көкпекті ауданындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен өткізілген шараға Семей қаласында тұратын көкпектілік ардагерлер шақырылды. Сондай-ақ аудан әкімінің бастамасын қолдап, Семей қаласындағы кездесулерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары Марат Теміржанов және Мақсат Сүйесінов, облыстық мәслихат депутаты, аппарат басшысы Бек Нұғыбаев, «Өрнек» ЖШС директоры Ержан Қойгелдин, аудандық мәслихат депутаттары Гүлназ Нұрғалиева, Асыл Қайырбекова, Дархан Дүйсембаев және дербес бөлім басшылары, қызмет өкілдері барды. Алаш астанасында білім алатын Әлихан Бөкейхан университетінің, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің және Семей мемлекеттік медицина университетінің көкпектілік студенттері қатысты.

Read more

04 Сәуір 2023

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурызым - құт берекем» атты апталық аясында Шәріптоғай негізгі мектебінде «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.
Мақсаты бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекеге арналып жасалған кітап, қолөнер көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады.

Read more

БІЛІММЕН ШУАҚТАНҒАН ҒҰМЫР

Есімі «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырында аталатын, Қалба тауының күнгейін тұтас қоныстанған, шығысын ежелгі Ертіс пен Зайсан көлі көмкерген Көкпекті – облыстағы іргелі ауданның бірі екені белгілі. Ол тоғыз жолдың торабында орналасқан. Көкпектіде  «Шығыс сақина» тас жолы салынған кезде, шаруашылығындағы ангор ешкісінің даңғы шыққан жылдары белгілі жазушылар  Мұхтар Әуезов, Леонад Соболевтер іссапармен келіп, құнарлы мақалаларға арқау болған мекен. Сондай-ақ белгілі ғалым  Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» атты кітабында Көкпекті туралы айтылады.

Read more

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯҒА ҚАТЫСТЫ

30 наурыз күні VIII сайланған Көкпекті аудандық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті. Сессия отырысына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қызмет басшылары, жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихат сегізінші шақырылымының бірінші сессиясын Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева ашты. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы ретінде Көкпекті аудандық мәслихатына өткен депутаттар сайлауының нәтижелері туралы хабарлады.
- 2023 жылғы 19 наурызда Көкпекті аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті. Сайлаушылар тізіміне 9307 азамат енгізілді. Дауыс беруге 7569 сайлау-шы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 93 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны - 31. Көкпекті аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінен 10 кандидат Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Құрметті депутаттар! Сіздерді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атынан Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайлануларыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге және тікелей депутаттық қызметте табыс тілейміз, - деді комиссия төрайымы Гүлбаран Майлыбайқызы.

Read more

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 наурыз күні Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев келді. Басқарма басшысы ветеринария салысына қатысты өзекті сұрақтарды талқылау және түсіндіруге арналған жиын өткізді.

Жиынға Көкпекті ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Мақсат Сүйесінов, ауылдық округ әкімдері, аумақтық ветеринарлық инс-пекциясы басшысы Ержан Сәрсенбаев, ветеринарлық лаборатория басшысы Ербол Төлешов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, "Көкпекті вет" КМК ветеринар дәрігерлері қатысты.
Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы жұмыс сапарының мақсатымен таныстырды. Ержан Барышевтың айтуы бойынша әрбір ауданды арнайы жұмыс сапарымен аралаудағы мақсат - жағдаймен жіті танысып, алдағы жұмысқа дұрыс бағыт-бағдар беру.

Read more

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР САНЫ АРТҚАН

27 наурыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалық етуімен аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңейтілген отырыс жұмысына ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, қызмет өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Көкпекті ауданы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, аудан бойынша туберкулез дертінің эпидемиологиялық жағдайы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы сұрақтар қаралды.

Read more

ТҰҒЫРЛЫ ТАССАЙДАН ТАҒЫЛЫМДЫ ТҮРКІСТАНҒА

«Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық!» - деп басталатын дала қоңырауын қаққан, білім нұрын шашқан Ыбырай Алтынсарин атамыздың осы өсиетінің басты жолын білмей өскен кезіміз де болды заманында. Егемендікке қол жетіп, Тәуелсіздік туын көтергелі шашылғанымызды жинап, ұмыт болғанымызды жаңғырта бастадық. Күллі қазақтың қасиетті төрі Түркістанымызды иманымыздың көркі, дініміздің төрі, рухани астанамыз екенін де танып-біліп, табыстық. Биыл Түркістан облысы құрылғалы 5 жыл толғанда әулие Бөдес атамыз жатқан жерден, от ауызды, орақ тілді Кегенбай атамыз туған елден, Жомарт батыр ту көтерген белден ұрпақтары қасиетті Түркістанға бет бұрды.  

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың қолдауымен Тассай ауылдық округінің өнерпаздары Түркістан қаласында өз өнерлерін көрсетіп қайтты. Осы сапарға демеушілік еткен ауданымыздың беделді азаматтары - Ержан Тұрсынханұлы, Гүлназ Құдайбергенқызы, Бахтияр Жанатұлы, Марат Қалиханұлы, Жұмабек Құрмашұлы, Бақытжан Болатханұлы, Айдын Еркінұлы, Ильнур Фархатұлы, Берік Қанаұлы мен Ғабиден аға мен мәрт жүректі Қайрат мырза болды.

Read more

ТАЭКВОНДОШЫЛАР ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Көкпектілік жас спортшылар Бексұлтан Маратов пен Ерназар Назарбеков ITF таэквондодан бірінші Орталық Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды. Спортшыларды білікті бапкер Бақыт Ғазизұлы Рахимов жаттықтырады.
28 наурыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жас таэквондошылармен және олардың бапкерімен кездесті. Қабылдауға сондай-ақ жаңадан тағайындалған №1 БЖСМ директоры Дулат Тұрлыбеков қатысты.
Кездесу барысында Ерназар Назарбеков аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлына Астана қаласында болатын таэквондодан алдағы Әлем чемпионатына да-йындалып жатқандары туралы айтып өтті. Жас спортшының айтуынша, олар өздерінің барлық шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниетті. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы таэквондодан бірінші рет әлемдік біріншілік өткізеді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз