Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

7 сәуір күні Абай облысының орталығы Семей қаласында Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген көкпектілік студенттермен кездесті. Әлихан Бөкейхан университетінде өткен кездесу аясында жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін Көкпекті ауданындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен өткізілген шараға Семей қаласында тұратын көкпектілік ардагерлер шақырылды. Сондай-ақ аудан әкімінің бастамасын қолдап, Семей қаласындағы кездесулерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары Марат Теміржанов және Мақсат Сүйесінов, облыстық мәслихат депутаты, аппарат басшысы Бек Нұғыбаев, «Өрнек» ЖШС директоры Ержан Қойгелдин, аудандық мәслихат депутаттары Гүлназ Нұрғалиева, Асыл Қайырбекова, Дархан Дүйсембаев және дербес бөлім басшылары, қызмет өкілдері барды. Алаш астанасында білім алатын Әлихан Бөкейхан университетінің, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің және Семей мемлекеттік медицина университетінің көкпектілік студенттері қатысты.


Модератор Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры Айрат Базенов кездесу тізгінін қолға алды. Алғашқы сөз алған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев кездесу қатысушыларына Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мазмұнды баяндама жасады. Биылғы жылға жоспарланған ауқымды жобалар мен өткізілетін шараларды да тарқатып айтып берді.
Аудан әкімі ауданға келетін жастарға барлық жағдайды жасауға дайын екенін мәлімдеді.
- Ауылдан халықтың көшіп кетуін тоқтатуымыз қажет. Ол үшін негізгі 5 мәселе шешу үшін мақсатты жұмыс жүргізілуде. Бұларға жол салу, таза ауыз су тарту, баспанамен қамтамасыз ету, интернет байланысын күшейту және ауыл шаруашылық жерлерін жұмыс істейтін адамдарға беру кіреді. Қазіргі уақытта Көкпекті ауданында дәрігер, педагог және ауыл шаруашылығы саласының мамандары тапшы. Сондықтан осы мамандарды ауданға тарту үшін елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселесін шешуге басымдық жасап отырмыз. Ауданға келемін, жұмыс жасаймын деген жастарды қолдап, барлық жағдайын жасауға дайынбыз, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Шара барысында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 16 студентке ақшалай сертификат табыстады. Жомарт жүрек азаматтар ұсынған қаржылай көмек студенттердің арнайы есеп шотына жіберілетін болады. Шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлер аудан әкімінің игілікті бастамасына бірауыздан қолдау білдірді. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарда белсенді 17 жалынды жас аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.
Ауданда ұзақ жылдар жемісті жұмыс жасап, қажырлы еңбек еткен аға буын ардагерлердің қатысып отыруы кездесу мазмұнын ашып, мәнін арттыра түскені анық. Кездесуге қатысқан бірқатар ардагерлер аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың қолынан салтанатты жағдайда «Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапатқа мемлекеттік қызмет ардагері, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы, Көкпекті аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Әбенов Атымтай Жылқыбайұлы, білім беру саласының ардагері, көп жылдар бойы Ж.Шайжүнісов орта мектебінде директор болып қызмет атқарған Сатыбалдин Марат Қалиұлы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Куйбышев ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Ақшолақов Тоқан Мерсадықұлы, білім беру саласының ардагері, аудандық білім беру және ішкі саясат бөлімдерінің басшысы қызметін атқарған Сейсембаева Венера Иманғалиқызы, көп жылдар бойы Көкпекті ауданының "Қазпошта" акционерлік филиалының директоры қызметін атқарған Красникова Надежда Александровна, көп жылдар бойы әлеуметтік қорғау саласын басқарған Касембаева Гульзифа Камашевна, Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің басшысы, «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің бас редакторы болған Шарова Надежда Васильевна лайық деп танылды.
Сөз кезегін алған Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оңды өзгерістерді ерекше атап өтті. Сләмбек Насырбайұлы студент жастарға Көкпекті ауданының болашағы жарқын болуы үшін мықты мамандар қажеттігін айтты. Абай облыстық мәслихатының депутаты, «Өрнек» ЖШС төрағасы Ержан Қойгелдин жас мамандар үшін жасалып жатқан жеңілдіктер мен қолдау шараларын тарқатып айтып, тиянақты түсіндіріп өтті. Ауыл шаруашылық саласын дамытып, аудан экономикасына елеулі үлес қосып жүрген шаруа қожалық басшысы жастарды туған жерге маңдай терін сіңіріп, ауыл тұрмысын жақсартуға үлес қосуға шақырды. Студенттер атынан сөз алған Әлихан Бөкейхан университетінің студенті Алдияр Танысбаев аудан жастары туған жерін дамытуға мүдделі екеніне сенім білдірді.
Кездесу соңы Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Алижан Артықпев пен Аяжан Амантайқызы жүргізген концерттік бағдарламаның шымылдырығын «Толағай сазы» ансамблі ашты. Көкпектінің жезтаңдай әншілері әсем саз әуелетіп, ұлттық нақышта киінген бишілер көз қуантты.
Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан университетінде бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос орындар жәрмеңкесінде денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы салалары бойынша қажетті мамандықтар мен жас мамандарға арналған қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. "Дипломмен ауылға" және өзге де мемлекеттік бағдарламалар туралы студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар арасында 2.5 пайызбен жеңілдетілген несие алу сұрағы көп қызығушылық тудырды.
Көкпекті ауданына еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсету, студент жастарға туған елі мен жерінің қолдауын білдіру және ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісіндей болған кездесу жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз