Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 наурыз күні VIII сайланған Көкпекті аудандық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті. Сессия отырысына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қызмет басшылары, жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихат сегізінші шақырылымының бірінші сессиясын Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева ашты. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы ретінде Көкпекті аудандық мәслихатына өткен депутаттар сайлауының нәтижелері туралы хабарлады.
- 2023 жылғы 19 наурызда Көкпекті аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті. Сайлаушылар тізіміне 9307 азамат енгізілді. Дауыс беруге 7569 сайлау-шы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 93 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны - 31. Көкпекті аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінен 10 кандидат Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Құрметті депутаттар! Сіздерді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атынан Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайлануларыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге және тікелей депутаттық қызметте табыс тілейміз, - деді комиссия төрайымы Гүлбаран Майлыбайқызы.


Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған Жалел Байназаров, Дархан Дүйсембаев, Бақтияр Ибрагимов, Ринат Қажиақберов, Раушан Кемербаева, Жұмабек Кушукпаев, Гүлназ Нұрғалиева, Талғат Сарманов, Асыл Төлешова, Гүлмира Тұрлыбековаға депутаттық куәлік және төсбелгі табыс-талды.
Ұйымдастыру мәселелерін қарауға көшпес бұрын сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихат төрағасын сайлау бойынша дауыс беру рәсімі өткізілді. «Аmanat» партиясы фракциясының төрайымы Раушан Кемербаева ортаға шығып, депутат Талғат Сармановтың кандидатурасын ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижесінде аудандық мәслихаттың төрағасы болып Сарманов Талғат Манафұлы сайланды.
- Құрметті Ділдәбек Тәжібайұлы! Құрметті депутаттар! Маған сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтуға және ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Біздің сайлаушыларымыздың тілектерін іске асыру бойынша мақсатты бірлескен қызметке бар күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді одан әрі жұмсауға тырысамын. Барлықтарыңызға рахмет, - деді Талғат Манафұлы.
Сонымен бірге сессия отырысында тұрақты комиссиялар құрылып, ашық дауыс беру арқылы тұрақты комиссия төрағаларын сайлау өткізілді. Экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік қызмет, АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып депутат Дархан Дүйсембаев сайланды. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып депутат Ринат Қажиақберов сайланды.
Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев жаңадан сайланған барша халық қалаулыларын құттықтап, қоғамдық қызметтеріне сәттілік тіледі.
- Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев VІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында елді дамытуға бағытталған сегіз басымдықты айқындап берді. Біздің де алдымызда жаңадан сайланған Көкпекті аудандық мәслихат депутаттарымен бірлескен нақты міндеттер бар. Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихат білім және мәдениет саласының, кәсіпкерлік және азаматтық қоғам өкілдерінен құралды. Жаңадан сайланған барлық халық қалаулыларын Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған кешенді жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырамын, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Алғашқы сессия соңында жаңадан сайланған халық қалаулылары депутаттық сұраным рәсімдеп те үлгерді. Көкпекті ауылындағы Бейсембаев көшесіне асфальт төсеу, Бармақ батыр көшесіне түнгі жарықтандыру шамдарын орнату бойынша Көкпекті ауылдық округі әкімдігіне депутаттық сұранымдар жолданды. Сондай-ақ депутаттар Көкпекті ауданындағы интернет жылдамдығы өте төмен екенін ескеріп, жан-жақты зерттеу жұмыстарын қолға алды. Талдау нәтижесі бойынша бұл сұрақ жөнінде Қазақтелеком басшылығына депуттатық сұраным жолданатын болды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз