Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлемдік білім мен ғылым кеңістігінде ұстаз бен ғалымның орны ерекше. Ұлт руханиятында ұстазды ұлықтау, ғалымды құрметтеудің өзіндік дәстүрлі жолы қалыптасқан. Руханият кеңістігінде ұстаз бен ғалымдардың көп болғандығынан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ұстаздығы мен ғалымдығын кәсіби жұмысы, күнделікті әдеті деп санайды. Өздері табиғатынан өте қарапайым, публикадан алшақ жүреді. Бәлкім олар «ұлылық – қарапайымдылықта» деген қағиданы қатаң ұстанатын болар. Осындай жандардың бірі Шұғылбай ауылының тумасы, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің түлегі, білім мен ғылымның қара шаңырағы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтында ұзақ жылдардан бері жемісті қызмет еткен, бүгінде елордамыз Астана қаласында еңбек етіп жүрген ұстаз-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Советқызы Ақтановаға қарата айтуымызға болады.

Айман Советқызы Ақтанова 1971 жылы 25 шілдеде Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Шұғылбай ауылындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, білім ордасын 1988 жылы тәмамдайды. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын 1988 - 1993 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігі және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бо-йынша аяқтайды.
Айман Советқызы 1993-1998 жылдары Шәкәрім атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарады.
Кейіннен 1998-2006 жылдар аралығында қаржы-экономикалық институтының қазақ тілі пәні оқытушысы, кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. 2006-2016 жылдарда Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі лауазымында жүріп шәкірт тәрбиеледі.

Толығырақ...

Еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты басты жаңа жылдық іс-шарасы өтті.
Көкпекті аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша Семей қаласында ұйымдастырылған мерекелік жиынға Абай облысының әр ауданы мен қаласынан 200 бала қатысты. Шыршалық кешке 9 жастан 13 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды. Жаңа жылдық мерекелік шыршаға Көкпекті ауданына қарасты білім беру ұйымдарынан 15 бала қатысты. Мерекелік шырша шарасы барысында облыс басшысы Нұрлан Тельманұлы ҚР Президентінің атынан балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Толығырақ...

6 қараша күні кезекті брифинг өтті, оған аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев пен БАҚ өкілдері қатысты. «Tolagai_news» ақпараттық порталының тікелей эфирі барысында брифинг қонағы Аслан Балабекұлы ауданымыздың білім беру саласында биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Брифингті модератор Аяжан Амантайқызы жүргізіп отырды. Кіріспе сөзден кейін Аслан Балабекұлы өзінің қысқаша баяндамасын ұсынды.
- Көкпекті ауданында 18 мектеп және 3 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. Оқушылар контингенті 2262 адамды құрайды, мұғалімдер саны 539. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласында – 69, жалпы білім беру ұйымдарында – 413, қосымша білім беру мекемелерінде – 57.
Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жасау, оларды іздеу, анықтау және дамыту мектеп қызметінің маңызды аспектілері болып табылады. Ауданымыздағы оқушылар халықаралық шығармашылық байқауларға қатысып, 5 жүлделі орын, республикалық олимпиадалар мен байқаулардан 7 жүлделі орын, облыстық олимпиадалар мен конкурстардан оқушылар 75 жүлделі орынға ие болды.

Толығырақ...

20 қазан күні Астана қаласында мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның Құрметті педагогы» атты республикалық байқауы өтті.

Байқауға ауданымыздан Көкпекті орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жанғасинов Әли Қайратұлы қатысып, «Қазақстанның Құрметті педагогі» атты төсбелгі иегері атанды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылардың өзі жайлы жазылған өмірбаяны, 3 жылдағы ашық сабақ жоспары, алғыс хат, дипломдары ескерілді. Екінші видео сабақ бойынша өтті.

Толығырақ...

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында М.Әуезов атындағы орта мектебінде 9-сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің атасы» атты сабақ өтті. Шара барысында оқушыларға реформатор - ғалымның қазақ тіл ғылымына енгізген жаңалықтары жайлы айтылды. А.Байтұрсынұлы жазған оқулықтар туралы көп мағлұматтар берілді. Ұлттық тіл ғылымы саласындағы ғалымның әліпби түзудегі жетістіктері туралы деректер оқушылар үшін құнды болды.
Сондай-ақ Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 9-сыныпта «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатта ақын, қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кино үзіндісі көрсетілді. Оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, әркім өздеріне жүктелген тапсырмаларын таныстырды. Сабақ соңында оқушылардың ойы тыңдалып, қорытындыланды.

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз