Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 маусым күні Көкпекті ауданындағы барлық білім ұяларында соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Ажа ауылына арнайы барып, Романов негізгі мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

Аудандағы барлық білім беру ұйымдары өздерінің соңғы қоңырау салтанатында жеткен жетістіктері мен оқуда озат білімде дара көрінген шәкірттері мен ұстаздарының есімдерін ұлықтады. Еліміздің әнұраны асқақтап, мемлекеттік ту көтерілді. Мектеп директорлары өткен оқу жылына шолу жасады.


Романов негізгі мектебіндегі шарада аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев кезекті оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
- Еңсе тіктеген егемен еліміздің іргетасын бекітудің алғы шарты білім беру ұйымдарында қаланады. Елге тұтқа болар тұлғаларды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген педагогикалық ұжымға алғыс білдіремін. Бүгінгі күні соңғы қоңырау үнін ең соңғы рет естіп отырған түлектерге ақ жол тілеймін. Арман қанатында биікке самғап, өз мақсаттарыңызға айқын жетулеріңізге тілектеспін. Өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңызды игеріп, саналы азамат болып шығатындарыңызға сенемін, - деді аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы.
Жас ұрпаққа білім беруде үлкен жетістікке жеткен бірқатар ұстаздар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Көкпекті ауданында барлығы 18 жалпы білім беретін мектептер бар. Биылғы оқу жылын барлығы 2 309 шәкірт тәмамдады. Олардың қатарында 486 үздік оқушы және 785 оқу озаты бар. Білім сапасы 60,4 % құрайды.
2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты 131 түлек бітірді. Оның ішінде 11 оқушы «Алтын белгі» үміткері және 17 оқушы ерекше үлгідегі аттестат үміткері. Сондай-ақ 214 оқушы 9 сыныпты аяқтады.
2023 жылы мектеп бітірген түлектерге аттестат тапсыру рәсімі 20-22 маусым аралығында өткізіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз