Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 маусым күні аудан орталығындағы «Ұлы дала елі» алаңында аудандық Оқушылар шығармашылық сарайының ұйымдастыруымен «Балалардың игілігі үшін» атты 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

 

Мерекелік шараның мақсаты оқушыларда «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Оқушылар шығармашылық сарайының ұстаздары ертегі кейіпкерлері киімдерімен балаларды қарсы алды. Мерекелік жиында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев сөз алып, ел ертеңі – өскелең ұрпақтың, кішкентай бүлдіршіндердің жарқын болашағына қамқорлық жасау аға буынның парызы екендігін атап, бүлдіршіндерді мерейлі мерекемен құттықтады.
- Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, бүлдіршіндер! 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі баршаңызға құтты болсын! Бала - баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі тұлымшағы желбіреп, гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз ертеңгі қасиетті даламызды гүлге бөлейтін еліміздің бірден бір тірегі, ата-бабамыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздің иесі. Тәуелсіз мемлекетіміз жас ұрпақпен гүлденеді, бүлдіршіндердің жан-жақты тәрбие, сапалы білім алып өсуі арқылы кемелденеді, – деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
«Ұлы дала елі» алаңында балалар үшін сурет салу байқауы, спорттық са-йыстар өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына аудандық білім бөлімі басшысының атынан мадақтама қағаздар берілді. Сахна төрінде ән айтылып, би билеп, жырдан шашу шашылды. Іс-шараның барысында балалар көңілді әуендерге флешмоб биледі. Мерекеге жиналған барлық балаларға балмұздақтар, шырындар мен тәттілер таратылды.
«Балаларды қорғау күні» деп белгіленген елеулі күнді барлық балалар асыға күтеді. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мерекенің тарихы әріде. Әлем назарын бүлдіршіндердің құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауға аудару мақсатын көздейтін халықаралық мерекенің маңызы зор. Сондықтан да, бұл мерекені тойлаудан еш бала шет қалмауы тиіс.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ,
педагог-ұйымдастырушы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз