Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

6 қараша күні кезекті брифинг өтті, оған аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев пен БАҚ өкілдері қатысты. «Tolagai_news» ақпараттық порталының тікелей эфирі барысында брифинг қонағы Аслан Балабекұлы ауданымыздың білім беру саласында биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Брифингті модератор Аяжан Амантайқызы жүргізіп отырды. Кіріспе сөзден кейін Аслан Балабекұлы өзінің қысқаша баяндамасын ұсынды.
- Көкпекті ауданында 18 мектеп және 3 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. Оқушылар контингенті 2262 адамды құрайды, мұғалімдер саны 539. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласында – 69, жалпы білім беру ұйымдарында – 413, қосымша білім беру мекемелерінде – 57.
Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жасау, оларды іздеу, анықтау және дамыту мектеп қызметінің маңызды аспектілері болып табылады. Ауданымыздағы оқушылар халықаралық шығармашылық байқауларға қатысып, 5 жүлделі орын, республикалық олимпиадалар мен байқаулардан 7 жүлделі орын, облыстық олимпиадалар мен конкурстардан оқушылар 75 жүлделі орынға ие болды.


Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде ауданымыздың білім саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы өздеріңіз білесіздер бюджеттен 173 млн. теңге қарастырылып, 10 мектеп пен 1 балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап өтсек, І.Жансүгіров, Преображенка және Шәріптоғай мектептерінің төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өйткені, жаңбыр мен қар жауған кезде мектептердің төбесінен су ағатын. Үлгілімалшы ауылындағы Абай мектеп-балабақша кешені мен Биғаш негізгі мектебінің жылу қазандықтары жөнделді. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарын комиссия арқылы қабылдап алдық, ауданымыздың барлық білім беру ошақтары жылумен қамтылған. Биылғы жылдан бастап 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Оған 49 млн. теңге бөлініп отыр. Преображенка, І.Жансүгіров, Абай мектептеріне заманауи жаңадан кабинеттер жабдықталды. Ауданымызда спорт саласы да қарқын алып дамуда сол себептен де 7 млн. 470 мың теңге спорттық құрал-жабдықтар алуға бөлініп отыр. Алдағы уақытта үнемделген қаржы есебінен Көкпекті және Ж.Шайжүнісов орта мектептерінің командаларына хоккей формаларын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ауданымыздың барлық мектептерінде алғашқы әскери дайындық пәндері үшін құрал-жабдықтар және қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін шаңғы, доп сатып әперілді. Мектептердегі қауіпсіздік жүйесі – маңызды мәселенің бірі. Сол себептен 18 мектепке 40 млн. теңгеге бақылау камерасы іске қосылып отыр. Турникет, дабыл түймелері сынды құралдар орнатылуда. Куйбышев, Үлкенбөкен, Ж.Шайжүнісов мектептеріне кіре беріс жолы нашар жағдайда болатын. Қазіргі таңда аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлының қолдауымен асфальт төселіп, мәселе оң шешімін тапты. Биылғы жылы адаптация бойынша 22 млн. қаражат бөлініп отыр. Балаларды тасымалдау бойынша айтар болсақ, автобустар бұзылғанда әрдайым мәселе туындайтын. Әр мектептің автобустарын жөндеуден өткізуге жалпы сомасы 7 млн 289 мың теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, 6 мектепке қол жуатын раковина мен дәретхана орнату жұмыстарына 14 млн. 300 мың теңге бөлініп отыр.
Сонымен қатар балабақшаларға 4 млн. 684 мың теңгеге ойыншықтар алынды.Жыл сайын барлық білім беру ордаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары (әктеу, бояу) жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 12 млн. теңге бөлінген болатын.
Келесі жылы 840 млн. теңгеге лагерь құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер ауданда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін демалыс орыны жоқ. Аудан орталығында бүгінде 3 мектепке дейінгі мекеме бар. Алайда, бұл балабақшалар кезекте тұрған балаларды қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Сол себептен жеке меншік балабақшаны салу бойынша жеке кәсіпкер Г.Нұрғалиевамен меморандум жасалды. Алдағы уақытта 220 орынға арналған балабақша салынатын болады. Оқушыларды мектепке автобуспен тасымалдау бойынша да шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Бұл мәселелер алдағы уақытта 3 автобус және 2 ГАЗель көлігіне тапсырыс беру арқылы шешімін табатын болады. Сонымен қатар Көкпекті орта мектебінің ғимаратына алдағы уақытта 320 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол сияқты Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебіне «Қазақстан халқыма» деген қор арқылы мектептің ішін толығымен жабдықтауға 250 млн. теңге бөлінеді. Осы екі мектепке лицей сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта ауданымыздың дарынды балаларымен жұмыс істейтін Дарын орталығын ашу жоспарда бар.
2022 жылмен салыстырсақ өткен жылы 1 ғана мектепке жөндеу жұмыстары жасалса, биыл 2023 жылы 173 млн. теңге бөлініп, 10 мектеп және 1 балабақшаға жөндеу жұмыстары жасалды. Келесі жылғы жоспар бойынша 1 млрд 840 млн. теңгеге жұмыстар атқарылатын болады. Осындай қарқынмен жұмыс істейтін болсақ, алдағы 2-3 жылда ауданымыздың барлық мектептерінің жөндеу жұмыстары аяқталып, білім мен тәрбиені дамыту бойынша жұмыстар атқарылады.
Аяжан Амантайқызы, модератор:
- Ұл балалардың шаш үлгісінің белгілі бір ережесі бар ма? Әлде оқушының өз құқығында ма? Мысалы, ұлдардың шаштарын бояп алуына не айтасыз? (Tolagai_news әлеуметтік каналында тікелей эфирі арқылы қойылды.)
Аслан Танысбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы:
-Бірінші кезекте бұл тәрбиеге байланысты деп ойлаймын. Ал тәрбие алдымен үйде берілуі қажет. Біз өз тарапымыздан ескертеміз, сынып жетекшілері бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Шолпан Асылбекқызы, «Жұлдыз-Новая жизнь» аудандық газетінің тілшісі:
- Бүгінгі таңда аудан бойынша балабақша кезегінде тұрған бала саны қанша? Оны шешудің жолдары қарастырыла ма?
Аслан Танысбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы:
-Көкпекті ауданы бойынша 98 бала балабақша кезегінде тұр. Алдағы уақытта келісілген меморандум бойынша жеке меншік балабақша құрылысы салынып, бұл мәселе өз шешемін табатын болады.
Аяжан Амантайқызы, модератор:
-Оқушыларды тасымалдайтын автобустар жиі бұзылады деп естиміз. Жаңа автобустар алу жоспарда бар ма?
Аслан Танысбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы:
-2023 жылы облыстық білім басқармасына 3 автобус алу туралы өтінім берген болатынбыз. Алайда, ол қанағаттандырылмады. Алдағы 2024 жылға 3 автобусқа (Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка) орта мектептеріне өтінім беріп отырмыз. Ал Ж.Шайжүнісов атындағы мектепке Тоқан Жақияұлы деген ағамыз өз атынан автобус сыйға тартады. Қосымша 2 мектепке (М.Әуезов, Куйбышев) ГАЗель көліктері беріледі.
Аяжан Амантайқызы, модератор:
-Жалпы аудандағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары қалай?
Аслан Танысбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы:
-Биылғы оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту жұмысы іске асырылып отыр. Бұл жұмыстарға 49 млн. теңге қаражат бөлінген. 923 оқушы 100% ыстық тамақпен қамтылуда. Ал берілетін тамақтың сапасын бақылайтын бракераждық комиссия күнделікті қарап, бақылайды. Жалпы мектептерге барған кезде өз басым алдымен асханаға кіріп, балалардан тамақтың ұнаған, ұнамағанын білу үшін олардың пікірлерін білемін.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз