Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Өткен жылдың біраз бөлігі қазіргі жағдайға байланысты қашықтан оқытумен өтті. Бүгінде білім күніне орай, барлық жерде дайындық қызу. Ауданда санаулы күндерден соң басталатын жаңа оқу жылына дайындық қалай? Бұл сұраққа аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова жауап берді. Бөлім басшысының мәліметі бойынша жаңа оқу жылында аудан көлемінде 37 мектепке 4080 оқушы барады. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, қолына әліппе алатын 1 сынып оқушыларының саны 405 бала.

- Биылғы 2021-2022 оқу жылының басталуы қалай болады? Мектепке баратын оқушы саны қанша?
- 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» іс-шарасы дәстүрлі форматта өткізіледі. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты шарада «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табысталмақ. Барлық жерде өтетін шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп алдында таза ауада ұйымдастырылады. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары мен ата-аналардың біреуі қатысады. Сондай-ақ, 2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте «Білім күніне» арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде және санитарлық талаптар сақталып жүргізіледі.
Оқушылар континенті 4080 баланы құрайды. Ауданның білім беру мекемелерінің желісіне 37 жалпы білім беретін мектеп кіреді. Оның ішінде 21 орта мектеп (9 қазақ мектебі, 11 аралас, 1 орыс), 11 негізгі мектеп (3 қазақ мектебі, 6 аралас, 2 орыс), 5 бастауыш мектеп (2 қазақ мектебі, 2 аралас, 1 орыс) бар.

 

- Жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы қалай ұйымдастырылуда? Ауданымызда осындай көмекке мұқтаж қанша отбасы бар және олардың қанша пайызы көмек алды?
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2021 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілу туралы хаты қолданысқа алынып, жүзеге асырылуда. Оқу жылының басталуы қарсаңында аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік көмекке құқығы бар балалардың және өзге де санаттарына байланысты әлеуметтік көмек көрсету, балаларға мектепке жиналуға көмектесу, оқумен қамтылмаған балаларды анықтау мақсатында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасады. Акция барысында 1 шілде мен 20 тамыз аралығында 2302 балаға жалпы сомасы 38 599,0 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Оның ішінде бюджеттен 38 013,0 мың теңге, демеушілер тарапынан 586,0 мың теңге көмек жасалды.

- Білім ордалары жаңа оқу жылына қаншалықты дайын? Жабдықталуы қандай?
- Аудан мектептерінде ағымдағы косметикалық жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептерде бейнебақылау, ішкі жылы дәретханалар орнатылған.
Шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдардағы 5 000 мектепті жаңғырту «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында Көкпекті ауданының Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі, Көкпекті орта мектебі, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, Абай атындағы орта мектебі, №1 Самар орта мектебі және Преображенка орта мектептерінде турникет қойылды. Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебі, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі, Көкпекті орта мектебі және №1 Самар орта мектебіне дабыл беру жүйелері орнатылды.
Сонымен қатар, барлық оқу орындары «Аѕһуg» өткізу жүйесіне қосылған. Вакцина алуға жататын барлық мектеп мұғалімдері мен техникалық қызметкерлері КВИ-ге қарсы екпе салдырды.

- Қысқы жылыту маусымына дайындық туралы баяндап берсеңіз?
- 47 білім беру нысанының 25 мекемесінде қатты отынмен жұмыс істейтін автономды қазандықтар орнатылған. Қалған 18 мектеп электр жүйесімен, 2 мектеп сұйық отынмен және 2 мектеп теплофонмен жылытылады. 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде облыстық бюджеттен 13 мектеп пен "Шуақты шұғыла" балабақшасын ағымдағы жөндеуге жұмыстарына 76794,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта қаражат бөлінген барлық білім беру мекемелерінде қазандықтарды ауыстыру және жылу жүйесін жаңарту бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Көкпекті орта мектебінің қазандығын жөндеу жұмыстары 19 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

- Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты мектептердегі қауіпсіздік шараларының сақталуы бойынша не айтасыз?
- Оқу орындарында облыстың санитарлық дәрігері ұйғарған барлық талаптар қарастырылған. Санитарлық нормаларды қамтамасыз ету үшін барлық білім мекемелері дезинфекциялық құралдар мен жабдықтар (санитайзерлар, бактерицидті шамдар, тепловизорлар, кілемшелер және басқалар) сатып алынды. Егер оқушылар арасында аурудың бір жағдайы анықталса, онда бір сынып карантинге жабылады, егер 2 және одан да көп жағдай анықталса, онда мектеп қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Сұхбатты жүргізген
Шолпан Асылбекқызы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз