Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Абай орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мектеп кітапханашысы Лаура Ағылбаева сабақ  өткізді. Іс-шара «Ленинградтық өренім» атты XX ғасырдың Гомері атанған, жүз жыл жасаған, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылды.  6,7-сынып оқушыларының арасында Жамбыл ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, кітаптардан жасалған слайд оқушылардың назарларына ұсынылды. Жамбылдың қайталанбас шығармашылық ғұмырнамасы, екі дәуірді басынан кешірген, замана шежіресіне айналған жыраудың ұлы тұлғасы туралы баяндалды. Жамбыл бабамыздың шығармашылық жолы, оның ұстаздары, шәкірттері жөнінде, сондай-ақ ұлы жыраудың бастау-бұлағы, дәстүрдің жалғасы, бүгінгі көрінісі туралы жазылған кітаптарды оқуға ұсынды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз