Биыл біздің мектепті бітіргенімізге 50 жыл болыпты. Иә, жарты ғасыр, тіпті сенгің келмейді! Алайда, дүние шіркін, дөңгеленіп тоқтаусыз айнала береді ғой.
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Мен өзімде нендей бір жақсы қасиет болса, оны мектеп мұғалімдерінің тәрбиесінің жемісі дер едім», - деп жүрекжарды сөз айтса, заңғар жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы «Бір сала бар – ол халыққа білім беру саласы, кімде-кімге болса да, қатысы бар, себебі кім болса да, мұғалімнен білім алады, мектепте оқиды, кейін балалары оқиды», - деп жазады.
Көкпекті елі, Көкпекті жері атқа мінген ұландар мекені десек қалпы айтпаспыз. Бапан шағыр, Бепен көк, Данабек күрең, Елік жирен – Сократ, Нұрсағым қара, Зекеннің мақпал қарасы, Жанабылдың Құлагері, Сайранбектің жүйріктері - ауданымыздың атын алысқа жеткізген тұлпарлар.
Ат баптауды әкесінен үйренген ауданға мәшһүр Аслан Балабекұлының Қарақаттай бедеуді баптағалы біраз жыл болды. Атақты атбегінің екінші ұлы Айсұлтан биыл мектепке барды. 6 жасқа толып, мектеп табылдырығын аттайтын баласын Аслан мен Әсем сәнді кежімделген тұлпармен апарды. Ат үстінде мығым отырған жас баланың атын әкесі жетектеп, мектептің алдына әкелгенде: «Ер қанаты - ат» - деген, балам аттан түспесін, жылқы тектес, тарпаң мінез қазақ рухы өлмесін» - деген ой болды. Ұлым ат жалын тартып мінді деген осы екен. Алты жаста атқа мінген Қобыланды, он жасында асау үйреткен Бармақ батырлардың рухы қонып, киесі сіңсін балаларымызға деген ізгі ниетім, – деп ойымен бөлісті, Аслан Балабекұлы.
6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматына көшкен болатын. Сол себепті Көкпекті ауданындағы білім ошақтарында қашықтан оқыту қалай өткені жайында білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен сұхбаттасқан едік.
- Шолпан Нұрғазықызы, 2019-2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоры-тынды аттестаттаудан өткізу туралы айтып өтсеңіз.
- Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп бар. 2019-2020 оқу жылын 11 сыныптан 187 оқушы, 9 сыныптан 141 оқушы аяқтайды. Оның ішінде "Алтын белгіге" 21 үміткер және үздік аттестатқа 5 үміткер. Биылғы оқу жылын аяқтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына "2019-2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы" жүргізіледі. Орта білім беру ұйымдарында оқу жылын 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады. Қазіргі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты: 9 және 11 сыныптардағы білім алушыларға қорытынды аттестаттау жүргізілмейді, яғни емтихандар өткізілмейді, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі.
Биылғы 2019-2020 оқу жылы сәтті аяқталды. Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп бар. 2019-2020 оқу жылын 11 сыныптан 187 оқушы, 9 сыныптан 141 оқушы тәмамдап шықты.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен 2019-2020 оқу жылының аяқталуы мен ҰБТ-ның өту барысы төңірегінде болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Құрметті Шолпан Нұрғазықызы, биылғы жылы ҰБТ-ның ерекшелігі қандай болмақ? Ауданымызда ұлттық бірыңғай тестілеуге қанша түлек қатысады?
- 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді, алайда тестілеу кезіндегі жауапкершілік күшейтіледі.
2019-2020 оқу жылының соңында Көкпекті ауданының мектептерінде 187 түлек бітірсе, олардың 71%-ы немесе 134 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Ауданда 21 түлек «Алтын белгіге» және 5 түлек Үздік аттестатқа үміткер.
2020 жылы түлектердің білімі міндетті және бейіндік пәндер бойынша бұрынғы шкаламен бағаланады. ЖОО-ға қабылдау рәсімі біршама өзгереді, жаңашылдықтар енгізілді.
Егер оқуға түсуші шекті балл жинамаса, ол бірінші сессия аяқталғанға дейін ақылы бөлімге түсуге құқылы болады. Осыдан кейін студент тестті бір жыл бойы қайта тапсыра алады. ҰБТ-ның маусым айындағы нәтижесі бойынша қағаз емес, электронды сертификат беріледі.
Нүкібаев Нұролла 1938 жылы 9 мамырда Тассай ауылына қарасты Шұбарши колхозында дүниеге келген. 6 Жасынан еңбеккке араласып, ата-анасына көмектесіп, балалық шағын еңбек етумен өткізген. Тылдағы еңбекпен шыңдалған бала Нұролла, кеңшардың қызметімен өскен жігіт Нұролла, атақ-марапатты еңбекпен алған ата Нұролланың өмір жолы туралы ақпараттар ұсынамыз.
1944 жылы Шұбарши колхозы «Большевик» кеңшарына қосылды. Сол кезде, колхозда төрт жыл еңбек етіп, 1958 жылы Үлгілімалшы совхозына келіп, мал шаруашылығымен айналысады. 1967-1996 аралығында Қарағандыкөл совхозында да әр түрлі жұмыс жасап, көзге түсіп қажырлы еңбегі арқасында 1970 жылы В.И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1971 жыл 20 мамыр «Қызыл Ту» орденінің иегері атанып, 1973 жылы 12 тамызда «Октябрь Революциясы» орденімен, 1973 жылы 25 маусымда ауыл шарушылығында көрсеткен еңбегі арқасында «Главный Комитет ВДНХ СССР» қола медальмен марапатталды. 1982 жылы «Мал шаруашылығының 1 класс шебері» деген атақ берілді. Сонымен қатар, 1989 жылы Қарағандыкөл селолық советінің депутаты болып сайланды. 1985 жылы «ударник 11 пятилетки Кокпектинского райкома профсоюза работников сельского хозяйства» куәлігіне ие болды. 2000 жылы 6 қазанда Көкпекті ауданының 70 жылдығына орай аудан экономикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Көкпекті ауданына 70 жыл» медалімен марапатталды. Осындай жылдар бойы өз күші мен еңбегінің арқасында отбасын да қатардан қалдырмай, еліне еңбегін сіңіріп жатқан Нұролла атамыз зейнеткерлік жасқа жетіп, бала-шағасының ортасында ғұмыр кешуде.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.