Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адамның адам болып қалыптасуы оның тәрбиеленген ортасына байланыс-ты. Әсіресе, өз орныңды табуға жол бас-тайтын, үлгі-өнеге, ақыл кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт.

Ұстаз - шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы. Осындай ұлағатын көрсетіп жүрген ұстаздардың бірі, Көкпекті ауданының білім бөлімінің әдіскері - Гүлшат Нұрғазықызы. Ұстаз туралы сәулелі сөз, салиқалы пікір айту үшін оның өмір жолына соқпай кету әбестік болар еді. Бакытбек Гүлшат Нұрғазықызы 1986 жылы 30 тамызда Үлгілімалшы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Нұрғазы 40 жыл ауылшаруашылық саласында еңбек етсе, анасы Тұрсынай ауылдық почта қыметкері болған.

Бүгінде бейнеттерінің зейнетін көруде. Ол отбасындағы төрт баланың кенжесі. 2003 жылы Үлгілімалшы ауылының Абай атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін, 2007 жылы Семей көпсалалы колледжін, 2011 жылы Қазақ инновациялық – гуманитарлық заң университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтап, қолына біліктілік дипломын алады. Алғашқы еңбек жолын 2007 жылы туған ауылында балабақша тәрбиешісі ретінде бастап, кейіннен 2009 жылдан мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жалғастырған. Көкпекті ауданының білім бөліміне әдіскер қызметіне ауысқан. Гүлшат өмірлік серігі Талант Бақытбекұлын кездестіріп, шаңырақ көтереді. Халықтың батасын алған ерлі-зайыптының екеуі де мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған өз ісінің шеберлері. Отбасы жағдайына байланысты Өскемен қаласындағы ШҚО Білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығында» бас маман қызметін атқарған. Отағасы екеуі бүгінде Айша атты тәтті бүлдіршінді тәрбиелеп, өсіріп-бағуда. Гүлшат көпбалалы берекелі отбасына келін болып түскен күннен бастап қызметімен қоса үй жұмысына араласып кете барады. Отбасының бабын тауып, ата-ананың қадіріне жетіп, абысын-ажынмен тіл табысып, түтінін түзу ұшырып, отын маздатып жаға білген.
Кейіннен жолдасының қызмет бабымен Көкпекті ауданына қайтып келеді. Қазіргі күні аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқаруда.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші Гүлшатты ұжымы, шәкірттері әрқашан да үлгі тұтады.
Осылардың бәрі де үлкенге деген ерекше құрмет, кішіге деген ілтипаттың негізінде қаланды. Ата-анасын сыйлай отырып, үмітін ақтай алатын перзент болсам, халқымның бір қажетіне жарайтындай оқушыларды дайындасам деген үлкен жүрекпен жұмыс істеп жүрген ұстаз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз