Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

IQanat білім беру бағдарламасы - бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлердің ауыл оқушыларының Қазақстанда және шетелде жоғары білім алуға тең дәрежеде мүмкіндік алуына  және аймақтардағы олимпиаданың іріктеу кезеңдерінен өтуге бағытталған жобасы. Жобаның бастамашысы және тең құрылтайшысы - Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев. 

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушының жоғары академиялық нәтижеге жетуіне мұғалімнің, ата-ананың және оқушының күш-жігерін біріктіру. IQanat - бұл ауыл мектептеріндегі оқушыларға көптеген пәндер бойынша өз ойын білдіруге және қабілеттерін бағалауға мүмкіндік беретін байқау. Көкпекті ауданының оқушылары жыл сайын мұғалімдердің жетекшілігімен осы сайысқа қатысады. Осы жылы Көкпекті ауданынан IQanat білім беру қорының олимпиадаларының 1-турына 9 сыныптың 700-ден астам оқушысы қатысты. Оның ішінде 210 бала 2-ші айналымға түсті. Қордың негізін қалаушы Айдын Жұмаділұлының арқасында мұғалімдерге және ата-аналарға IQanatUstaz байқауына қатысу мүмкіндігі берілді, оның басты мақсаты - оқушылардың жоғары академиялық жетістіктерге жетудегі мұғалімдердің, ата-аналардың күш-жігерін біріктіру.


Байқау - бұл олимпиадаға қатысушылардың жетістіктерінде көрініс табатын мұғалімдердің жұмысының жоғары сапасы мен ынталандыру нысаны, сонымен қатар конкурсқа дайындалуда және оқушылармен жұмыс жасауда мәртебені көтеруге және ынталандыруды арттыруға мүмкіндік берді. Көкпекті ауданында конкурстың жеңімпаздары, 22 мектептің 42 мұғалімі жалпы сомада ақшалай сыйлыққа ие болды. 259 000 мың теңге. Ең көп мұғалім мен оқушы қатысқан мектептер Көкпекті орта мектебінен 8 мұғалім - 10 оқушы, Ж.Болғанбаев орта мектебінен 4 мұғалім - 5 оқушы, Самара №1 орта мектебінен 4 мұғалім - 4 оқушы. IQanatUstaz олимпиадасының 2-ші кезеңіне қатысқан мұғалімдерге, 2-ші кезеңнен өткен әр оқушыға 5000-нан 7500 теңгеге дейін ақшалай сыйлық және шәкірт жеңісін растайтын сертификат.
«IQanatUstaz» республикалық деңгейінде - 10 мұғалім нәтиже көрсеткен мұғалімдерге 3 сыныпты бітірген әр оқушыға жалпы сомасы 15000-22500 теңге ақшалай сыйлықпен қатар оқушының жеңісін растайтын сертификат берілді. Оқушыларды мақсатқа жетуге шабыттандыратын мұғалімдер. Мұндай игілікті еңбектері үшін ұстаздарға шын жүректен алғыс білдіру артық болмас.
Құрметті Айдын Жұмаділұлы және IQanat білім беру қорының мүшелері, сіздерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Болашақта үлкен мүмкіндіктер ұсынатын жобаларыңыз көп болғай!
Менің ойымша, біздің дарынды оқушылардың алар асулары биік. Қазіргі заман талабына сай білікті маман даярлауға жасаған көмегіңіз үшін алғысымыз шексіз. Сізге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілеймін!


Ш.Н.Мұстафинова,
Көкпекті аудандық білім өлімінің басшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз