Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматына көшкен болатын. Сол себепті Көкпекті ауданындағы білім ошақтарында қашықтан оқыту қалай өткені жайында білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен сұхбаттасқан едік. 

- Шолпан Нұрғазықызы, 2019-2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоры-тынды аттестаттаудан өткізу туралы айтып өтсеңіз.
- Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп бар. 2019-2020 оқу жылын 11 сыныптан 187 оқушы, 9 сыныптан 141 оқушы аяқтайды. Оның ішінде "Алтын белгіге" 21 үміткер және үздік аттестатқа 5 үміткер. Биылғы оқу жылын аяқтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына "2019-2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы" жүргізіледі. Орта білім беру ұйымдарында оқу жылын 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады. Қазіргі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты: 9 және 11 сыныптардағы білім алушыларға қорытынды аттестаттау жүргізілмейді, яғни емтихандар өткізілмейді, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі.


Білім бөлімі тарапынан 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап мектептерде сынақ емтихандарын өткізу, эссе жазу, математика бойынша бақылау жұмыстары, Қазақстан тарихы бойынша сынақтар, оқыту тілі бойынша сынақ тестілеулері мен таңдау пәндері бойынша бірыңғай күндер өткізілді. Облыстық аймақтық орталық ай сайын "Алтын белгі" белгісіне үміткер түлектердің құзыреттілігін анықтау бойынша байқау тестілеуін өткізді. "Алтын белгі" және Үздік аттестатқа үміткерлер үшін байқау тестілеуінің, байқау эссесінің, бақылау жұмыстарының, сынақтарының нәтижелері талданды, әкімшілік кеңестерде, директорлар кеңестерінде, шағын педагогикалық кеңестерде талқылауға шығарылды, ата-аналардың назарына жеткізілді, қателіктер бойынша, қиын мәселелерді қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Білім беру ұйымдарында ай сайын ата-аналар жиналысы өткізілді, онда түлектерді психологиялық қолдау мәселелері қарастырылды. Оқушылар мен олардың ата-аналары үшін «Қорытынды аттестаттау-2020» бойынша ақпараттық стендтер үнемі жаңартылып отырды. Апта сайын түлектермен психологиялық тренингтер өткізілді.
- Қашықтықтан оқыту кезінде өтетін жиынтық бағалаудың қандай да бір ерекшелігі бар ма?
- Білім беру ұйымында оқу пәндерін, өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (бұдан әрі – ТЖБ) тапсырудың икемді кестесі жасалады.
1. 1-10 сыныптарда:
• апталық жүктемесі 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 1 БЖБ және 1 ТЖБ жүргізіледі.
• оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндерінен бөлім бойынша 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі.
2. 11 сыныпта оқу пәндері бойынша бақылау жұмыстары жүргізіледі.
3. БЖБ өткізу мерзімі:
• оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 2020 жылғы 4-11 мамыр.
2020 жылғы 11-15 мамыр.
4. 1-10 сыныптарда ТЖБ, ал 11-сыныпта бақылау жұмысын өткізу мерзімі: 2020 жылғы 18-22 мамыр.
5. БЖБ мен ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық жұмыстан аспауы тиіс.
6. БЖБ және ТЖБ тапсыру білім беру ұйымы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі (жеке кестені ескере отырып).
7. БЖБ-ны өткізу уақыты – 20 минут, ТЖБ-ны өткізу уақыты – 40 минут. 1-4 сынып білім алушылары үшін БЖБ және ТЖБ өткізу уақыты регламенттелмейді.
8. БЖБ және ТЖБ мазмұны пән бойынша Үлгілік оқу бағдар-ламасына сәйкес өтілген оқу материалын қамтуы қажет.
9. Әрбір оқу пәні бойынша 1-10 сыныптарда жүргізілетін жиынтық жұмыстардың саны кестелерде берілген (қосымша).
10. Педагог оқу тапсырмасына бағалау критерийлерін әзірлейді.
11. 1-4 сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары қиын болмауы керек және 2 тапсырмадан артық берілмеуі тиіс.
12. 5-10 сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары 5 тапсырмадан артық берілмеуі тиіс.
13. Егер білім алушылар объективті себептермен (ауру, техникалық іркілістер және т. б.) жиынтық жұмысты орындай алмаса, жиынтық жұмыстың қорытындысын шығарғанда, жиынтық бағалаудың төртінші тоқсанындағы нәтижелері ескерілуі мүмкін.
14. 1-10 сынып оқушыларына арналған БЖБ, сондай-ақ ТЖБ оқу тапсырмаларын педагог жасайды.
15. Педагог сонымен қатар үйде оқитын балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу жүктемелері мен өтілген материалдарды ескере отырып, жеке оқу тапсырмаларын әзірлейді, бұл ретте БЖБ және ТЖБ өткізу уақыты шектелмейді.
16. 11 сыныпта «Алгебра және геометрия», «Информатика», «Биология», «География», «Физика», «Химия», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Шет тілі», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша ағымдағы бағалар және 4-тоқсанның қорытынды бағасы қойылады, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «есептелді»/ «есептелінбеді» қойылады.
17. 11 сыныпта «Дене шынықтыру», «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» оқу пәндері бойынша жылдық баға 2019-2020 оқу жылының 1,2,3-тоқсандарының қорытындысы негізінде қойылады.
Төртінші тоқсанда журналға ағымдағы бағалар мен тоқсандық баға қойылмайды, тек сабақ тақырыптары мен ұсынылған оқу тапсырмалары толтырылады.
- Мектеп бітірушілер үшін қандай өзгерістер бар?
- 11 сынып түлектеріне аттестат тапсыру 3-4 маусымда өтеді
Жыл сайын бұл оқиға маусым айының ортасында өткізілді. Бірақ қорытынды аттестаттаудың күшін жоюды ескере отырып, іс-шараны өткізу маусымның басына ауыстырылды.
Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар беріліп, 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады.
Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, тек 11 сынып түлектерінің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып, қонақтарды шақырусыз ашық алаңда өтеді. Тапсыру кезінде әдеттегі мектеп формасында болу ұсынылады. Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыру жоспарлануда. Келесі жылдары мұндай акция 25 мамырға орайластырылады.
- Сұхбатыңызға рахмет!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз