Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Көкпекті ауданының Биғаш ауылында мектеп жанынан толық күнді балабақша ашылды. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. Бұл күні жаңадан ашылған балабақша табалдырығын 25 бүлдіршін аттады.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан тізгінін қолға алған алғашқы күннен бастап бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігі туралы нақты тапсырма берген болатын. «Барлығы – балалар үшін!» деген аудан басшысы нақты шараларды бірден қолға алды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашылды. Қазіргі таңда Көкпекті ауданында балабақша саны күн санап артуда. Жақында ғана Ақой ауылында да жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан еді. Алдағы уақытта Мамай және Ажа ауылдарында балабақша ашу бағытында жұмыс жүргізілуде.


Балабақшаның ашылу салтанатына мектеп ұжымы мен ата-аналар, дербес бөлім басшылары, білім беру мекемелерінің директорлары қатысты. Қуанышты сәтке жиылған құрметті қонақтар мен ата-аналар назарына Биғаш негізгі мектебінің ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ата-апалары қолынан жетектеп келген бүлдіршіндер балдырған тілімен алғашқы тақпақтарын оқыды, өнерлі оқушылар ән айтып, мың бұрала би биледі.
Биғаштағы жаңа балабақшаның ашылуына тікелей мұрындық болған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жиналған көпшілікке жүрекжарды лебізін білдірді.
- Құрметті жерлестер, қадірменді Биғаш ауылының тұрғындары! Баршаңызды бүгінгі қуанышты жаңалықпен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бүлдіршіндер - біздің болашағымыз. Сондықтан тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу бағытында жұмыс істеу басты мақсатымыз. Алдымызда тұрған зор міндет - ұрпаққа заманауи білім беріп, алаңсыз тәрбие алуына барынша жағдай жасау. Балабақша ашу туралы тапсырманы лайықты жүзеге асырған білім беру бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев пен мектеп директоры Айсұлу Қаусоваға ерекше ризашылығымды білдіремін. Демеушілік жасаған осы елдің жомарт жүректі азаматтарына елдің атынан алғыс айтамыз, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Аудан әкімі балабақша ашылуына ерекше еңбек сіңірген азаматтар мен демеушілерге «Алғыс хат» табыстады. Егінбұлақ ауылының тумасы, «DDM Group» ЖШС директоры Дамир Геккельдің атынан «500 000 теңге» демеушілік сертификатын мектеп ұжымына тапсырды. Демеушілік көмек көрсеткен Раушан Сабитова, Қайрат Көпесов, Нұрлан Төлегенов, Әсет Мұхаметқалиев, Дамир Геккель, Ерзат Юсупов, Руслан Мұхаметқалиев және мектеп ұжымы екенін атап өткен абзал.
Ақ жаулықты аналар шашу шашып, балабақша лентасы қиылды. Келген қонақтар балабақша ішін аралап, заманауи үлгіде жабдықталған бөлмелермен танысты. Бүгінгі күні балабақшаға 25 бала қабылданған. Сондай-ақ жаңадан 6 тұрақты жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Себебі бұл ауыл тұрғындары үшін өте маңызды.
Қос немересін балабақшаға берген Дариға апа көңілдегі қуанышты сәтімен бөлісті.
- Бұл көптен күткен балабақшамыз. Қазіргі уақытта балалардың толыққанды қалыптасуы үшін мектепке дейінгі білім берудің маңызы зор деп ойлаймын. Осындай үлкен қуаныш, мүмкіндік сыйлаған аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлына барлық ауыл халқының атынан алғыс айтамыз. Ауылымыз өркендей берсін, - дейді Іңкәр және Әлима есімді бүлдіршіндердің әжесі.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз