Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 Наурыз 2023

БИҒАШ БҮЛДІРШІНДЕРІ БАЛАБАҚШАҒА БАРДЫ

 Көкпекті ауданының Биғаш ауылында мектеп жанынан толық күнді балабақша ашылды. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. Бұл күні жаңадан ашылған балабақша табалдырығын 25 бүлдіршін аттады.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан тізгінін қолға алған алғашқы күннен бастап бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігі туралы нақты тапсырма берген болатын. «Барлығы – балалар үшін!» деген аудан басшысы нақты шараларды бірден қолға алды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашылды. Қазіргі таңда Көкпекті ауданында балабақша саны күн санап артуда. Жақында ғана Ақой ауылында да жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан еді. Алдағы уақытта Мамай және Ажа ауылдарында балабақша ашу бағытында жұмыс жүргізілуде.

Read more

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ШАРА

4 наурыз күні Шұғылбай ауылында жаппай көкпар ойыны өткізілді. Көкпекті ауданында бастау алған эстафеталық көкпардың жалғасы болған жарысты ауыл азаматтары ұйымдастырды. Дүбірлі додаға Көкпекті ауданының Көкпекті, Ажа, Шәріптоғай, Тассай, Үлкенбөкен, Ақой, Көкжайық, Мамай, Үлгілімалшы, Теректі, Шұғылбай ауылдарынан келген 100-ден астам көкпаршы қатысты.
Эстафеталық көкпар – Көкпекті ауылдарының арасында кезекпен көкпар ойынын өткізу арқылы жас-тарды ұлттық спортқа кеңінен тарту мақсатында басталған жоба. Шұғылбайда өткен жаппай көкпар аудандағы оныншы эстафеталық ойын. Қыркүйек айында Үлкенбөкен ауылынан басталған эстафеталық көкпар бұған дейін Ажа, Тассай, Көкжайық, Көкпекті, Ақой, Теректі ауылдарында өткізілді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз