Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті баспасөзі жаңа басылыммен толықты. Балаларға арналған «JAS QALAM» журналы жарық көрді. Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында жаңа журналдың тұсау кесер рәсімі жасалып, оқырманға таныстырылды.
«JAS QALAM» балалар танымдық журналы - Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында шығарылатын жаңа басылым. Оқушылар шығармашылық сарайы мен аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің бірлескен жобасы газеттің қосымшасы ретінде қалың оқырманға жол тартады. Журналдың шығарушы редакторы Әнел Назарханова, дизайнері Анеля Есеркенова, корректоры Клара Қайыпжанқызы. Шымкент қаласында басылып шыққан журналдың алғашқы санында «Жас тілші» үйірмесіне қатысушы дарынды оқушылар дайындаған мақалалар ұсынылды.


- Балалар журналын шығаруға бастама көтеріп, барлық жағынан қолдау білдірген Оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Сүлейменовтың қажырлы еңбегімен жобамыз сәтті жүзеге асырылды. Журнал тұрақты түрде тоқсан сайын шығарылатын болады. Оқырмандар назарына Оқушылар шығармашылық сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысатын дарынды да талантты балалалардың жетістіктері мен жұмыстарын ұсынатын боламыз, - дейді журнал редакторы Әнел Нұрланқызы.
Жаңа журналдың тұсау кесер рәсімі де жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Сүлейменов қуанышты сәтке жиналған көпшілікке құттықтау сөз арнап, басылым ғұмырлы болсын деген тілегін жеткізді. Осы ұжымның ардагерлері Амантай Нұрғалиев және Ғалия Адылханова журналдың лентасын кесіп, балаларға батасын берді.
Балаларға арналған жаңа журналдың жарық көруі – Көкпекті баспасөзінің, ауыл баспасөзінің жаңа белесі. Көкпекті баспасөзінің төл туындысы, жаңа жобасы ғұмырлы болсын. Балалар журналына тырнақалды мақаласын жазып жүрген жас жеткіншектер арасынан Көкпекті ауданының тарихында өшпес із қалдырған Қалихан Алтынбаев, Мұрат Қалматаев, Тұрсын Жабаев, Нәкен Серікбаев, Мұхамедсадық Әңкебаев, Сәбит Шөмшеков, Қажет Сатыбалдин, Елеусіз Асылханов, Виктор Тупицын, Марат Манаспаев, Кенже Жұмағұлов, Ратбек Арынов, Бейсен Аханов, Надежда Шарова, Қайрат Малғаждаров сынды қарымды қаламгерлер шығады деп сенеміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз