Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қайта жаңғырған ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев облысымыздың бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланғандар «3-дәрежелі еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» төсбелгілерін иеленді.

 

Атап өтсек, біздің ауданнан «Талап» шаруа қожалығының механизаторы Қайрат Шалқыбаев 3-дәрежелі еңбек Даңқы орденімен, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Сләмбек Мұқашев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Талап» шаруа қожалығының басшысы Жұмабек Күшікпаев пен аудандық аурухананың отоларинголог дәрігері Оралбек Тоғаспаевқа «Шапағат» медалі табыс етілді.
Барлық мемлекеттік награда алған жерлестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз