Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне арналған салтанатты шара өтті. Халқымыздың мәдени мұрасына, ән, би өнеріне өз үлесін қосып жүрген көкпектіліктер үшін бұл мерейлі мереке. Өнерді өміріне серік еткен жандарды кәсіби мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов құттықтап, сала мамандарының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы жыл бойы үздік болған қызметкерлерді төл мереке қарсаңында алғыс хат, мадақтамамен марапаттап, жұмыстарына жеміс тіледі. 

Мерекелік салтанатта мәдениет саласында еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар азаматтар Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының, ШҚО мәдениет басқармасы басшысының, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Толығырақ...

Кез келген мектеп оқушысы бала кезінен табысты болғысы келетін шығар: біреу оқуда, біреу құрдастарымен қарым-қатынаста, біреу спортта. Нағыз спортшы болу, атақты тұлғалардан үлгі алып, олардың бойындағы ең жоғары жағымды қасиеттерді сіңіріп, мақсатқа жетуге деген құштарлықты оятады.
Міне, ауданымыздың осындай мақтанышы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, еркін күрестен Азия, Түркия, Италия, АҚШ-та өткен әлем турнирінің чемпионы, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы - Шыңғыс Мұхаметқалиұлы Мұхаметқалиев.
Шыңғыс 2000 жылы 5 қыр-күйекте Көкжыра ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның бес ағайын- әпкесі бар. Ата-анасы – жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын, балаларын әдепті де, адал адам етіп өсірген қарапайым ауыл тұрғындары.

Толығырақ...

Қазақстан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мекеніне айналды. Барлық этностар мен ұлт өкілдері тәуелсіз қазақ елінде бейбіт өмір сүруде, ал елімізде қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасқан.
Қазақстан халқының бірлігі күні - халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі. Біздің мемлекетімізде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт және татулықта өмір сүреді. Халықтар бірлігі-еліміздің басты жетістігі.
Мереке қарсаңында біз аудандық газет оқырмандарын әр түрлі тарихи себептерге байланысты тағдырын біздің ауданмен байланыстырған жерлестер өмірімен таныстырамыз.
Осы мақаламызда Көкпекті ауылының байырғы тұрғыны Владимир Емельянович Гильц туралы сыр шертетін боламыз. Бұл кісіні Көкпекті ауылының тұрғындары жақсы таниды.
Владимир Емельянович 1941 жылы Украинаның Запорожье облысы, Новониколаев ауданы, Листовка ауылында дүниеге келген. Сол жылы немістерді Украинадан күштеп жер аудару басталды. Жазықсыз адамдарды үйлерінен шығарып, өздерімен бірнеше сөмке мен чемодан ғана алуға рұқсат беріп, мыңдаған шақырым жерге жер аударып тастады.
Гильц отбасының ұлты неміс болғандықтан, бөлінуге мәжбүр болды. Кішкентай Вова мен оның әпкесі Эльзаны Оңтүстік Қазақстанға (Қызылорда қаласына) жіберді. Ағасы Александр Кемерово облысының Киселевск қаласына (Ресей) келді, ал басқа ағасы Емельян Ресейдің Тула қаласында қалды.

Толығырақ...

Шығыс Қазақстан облысында самбо және дзюдо күрестерінің негізін салушылардың бірі, жоғары дәрежелі жаттықтырушы Г. И. Бердусаны еске алуға арналған V облыстық ашық турнир өтті. Жарыс Өскемен қаласындағы «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде жалауын көтерді. Облыстық ашық турнирде 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жас өрендер мен 2006-2008 жылы туылған қыз балалар сынға түсті.

Толығырақ...

 

26 марта в Кокпектинской средней школе состоялся турнир по баскетболу среди команд учителей района, посвященный 70-летнему юбилею ветерана спорта, талантливого тренера Меирбаевой Марьям Макадиевны. Организаторами спортивного мероприятия выступили ветеран спорта Мурат Тулебаев и директор детско-юношеской спортивной школы №1 Аслан Танысбаев. 

Перед началом основного турнира бывшие ученики Марьям Макадиевны провели товарищескую встречу, подогревшую интерес зрителей.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз