Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанда Конституция күні тойланды. Биыл еліміздің негізгі заңына 27 жыл толды. Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Осы жылдар ішінде еліміздің негізгі заңы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық достықтың, адам бостандығының кепіліне айналды.
«Конституция біздің бостандығымыздың іргетасы болды. Ата заңымыз бізге ең бастысы – таңдау құқығын берді, өйткені өз өмірімізді өзіміз жасау кез келген қазынадан да қымбат. Мереке қарсаңында 27 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде Қалихан Алтынбаев атындағы өнер ұжымының өнерпаздары дайындаған мерекелік шара өтті. Шынайы патриоттық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы сазды шығармалар мен күйлер шырқалды.
Жиналған қауымды аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев құттықтап, тілегін білдірді.


– Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің барша азаматтары үшін айтулы оқиға – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республикадағы көп ұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі, экономикамыздағы табыстар мен әрбір қазақстандық отбасының амандығы – осының барлығы Ата Заңымыздың арқасы.
Қасымханның Қасқа жолы, Есімханның Ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы сынды тарихи заңдарды негізге алған қазіргі Ата Заңымыз халықтың қолдауына ие болып, еліміздің жаңа белестерді бағындыруына ықпал етуде.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өтіп, оның аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізілді. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үлкен саяси оқиға, одан кейін ел дамуының жаңа кезеңі басталды.
Құрметті жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазақстанымыздың көк туының астында бейбітшілік құсы әрқашан қалықтай берсін! – деді Ділдәбек Тәжібайұлы құттықтау сөзінде.
Кеш соңында марапаттау рәсімі өтіп, аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан жерлестерге төсбелгілер мен алғыс хаттарды табыс етті.

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН ТӨСБЕЛГІСІМЕН

Т.Қайырханов, ветеринария саласының ардагері
А.Б.Лекеров, ветеринария ардагері
М.М.Тлеукенов ветеринария ардагері
Қ.Қ. Қалдыбаев, ветеринария саласының ардагері
Қ.Н. Түсіпжанов, ветеринария ардагері
Қ.Қ. Малғаждаров, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы, тарихшы
Н.Б. Тоянкенов, «Бос уақыт орталығы» КМҚК директоры


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ТҰЛҒАЛАР

Қ.Қ. Қарымсақова, «Көкпекті-вет» коммуналдық кәсіпорнының ветеринариялық дәрігер-терапевті;
С.Қ. Егізбаев, Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
Т.С. Рахматуллина, Көкпекті аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринариялық дәрігер серологі;
А.М. Амренова, Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитарлық инспекторы;
Н.А.Шораяқова, «Көкпекті-вет» коммуналдық кәсіпорнының іс-жүргізушісі;
Б.Б. Қыдырханов, Тассай ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісі;
Г.У. Алпысова, Көкпекті аудандық «Қазпошта» байланыс торабының касса меңгерушісі;
Н.Б. Жаныбекова, Көкпекті аудандық сотының төрағасы;
Н.М. Ғабдуллин, Көкпекті аудандық прокуратурасының көлік жүргізушісі;
М.Т. Жакупбаева, Көкпекті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының бағдарламалық қамтамасыз ету, жұмылдыру ресурстарын автоматтандырылған есепке алу жүйесі және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша көмекшісі;
Б.М. Ершенова, «Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ мұрағатшысы;
Қ.С. Балаубаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша Көкпекті аудандық филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімінің бас маманы;
А.Н. Дериглазов, «Қазақтелеком» АҚ Көкпекті аудандық торабының 6-разрядты электро монтеры;
Қ.С. Хамитов, ұзақ жылдар Шегелек совхозында жүргізуші болып қызмет атқарған, еңбек өтілі – 45 жыл.
А.Б. Мұқашева, Көкжайық ауылдық округінің қоғамдық өміріне белсене араласып, үнемі демеушілік көмек көрсетіп жүрген жеке кәсіпкер;
Б.Қ. Абышев, зейнеткер, көп жылдар бойы агроном болып еңбек еткен;
Ж.Қ. Байсенгирова, Биғаш ауылдық клубының меңгерушісі, еңбек өтілі – 20 жыл
С.С. Нұрқасенов, Үлгілімалшы ауылының Абай атындағы мектебінде ұзақ жылдар сантехник болып жұмыс істеген;
Б.Қ. Базарқұлова, «Қойгелді Аухадиев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ есепшісі;
М.Күзембаева, көп балалы, «Алтын алқа» алқасының иегері. Еңбек өтілі – 45 жылдан астам. Қазіргі уақытта – «Злиха» шаруа қожалығының басшысы.

Марапат иелерін құттықтаймыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз