Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

12 Қыркүйек 2022

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ СЫЙЛЫ АЗАМАТ

Тектілер мекені Тассай өңірінде кәсібін несібесіне негіз еткен еңбекқор жандар аз емес. Солардың бірі көкөніс өсіруді әулетінің дәулетіне айналдырған қарапайым ауыл тұрғыны Біржан Түсіпбеков. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 8 қыркүйек күні Тассай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында еңбекқор жанның үйіне арнайы атбасын бұрып, ел сүйсінген азаматтың бақшасындағы көкөністерді көріп қайтты.
Әсілінде, еңбек еткен адамға алынбайтын асу жоқ екенін білсек те нақты іске келгенде қорқа-соқтап қалатынымыз жасырын емес. Кейбіреулер қолға алған істен түк шықпайтынын айтып кері шегіне берсе, енді біреулері қара аспанды қапылтып, оңай жұмыс іздеуге кірісіп кетеді. Ал, бала күнінен шаруаның ыңғайын білген Біржан болса бірден тәуекелге бел буып, үй жанындағы шағын ғана аумаққа көкөніс өсіруді қолға алған. Осылайша өзінің бақшасына және әкімшілік ұсынған 1 гектар жерге картоп, бақшасына қияр мен қызанақ егіп тастаған.

Read more

СУДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗДЫ

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 6 қыркүйек күні жұмыс сапарымен ауылдарды аралады. Қойгелді Аухадиев атындағы, Теректі, Шұғылбай және Үлкенбөкен ауылдық округтерінде болып, жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, ауыл әкімдеріне бірқатар маңызды тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Жүгері алқабында аудан басшысын серіктестік директоры Ержан Қойгелдин қарсы алып, қысқы мал азығын да-йындау барысымен таныстырды. Кездесу барысында «Өрнек» ЖШС жаңбырлатып суғару жүйесін енгізу, суармалы алқаптарды ұлғайту мәселесі жан-жақты талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы, жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Әлкенов, «ҚазСуШар» РМК басшысы Қанат Социалұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев қатысқан кеңесте «Победа» су каналын пайдалану арқылы суармалы алқаптар көлемін ұлғайту мәселесі қаралды. «Победа» су каналын Көкжайық ауылдық округінің теңгеріміне қою үшін құжаттарды дайындау аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлына тапсырылды. Аудан бойынша суармалы алқаптарды 3 мың гектарға ұлғайту мүмкіндігі бар. «Өрнек» ЖШС алдағы уақытта 1 500 гектар аумаққа жаңбырлатып суару жүйесін енгізуді көздеп отыр.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз